Күншуақтың жарық жұлдыздары

Выпуск - №40 (588)   :   27.10.2023
591

Қазақ халқында сахна өнері, оның ішінде би өнері бұрынан ерекше қошеметке ие. Көрерменге айтар ақпаратты би тілімен жеткізе білу үшін, сөзсіз, өнерпаздың тума дарыны болуы керек. Ал, сол қабілетті әрмен қарай жетілдіру жолында жетекшінің рөлі зор.

Адамның дене бітімінің сымбатты болып қалыптасуына үлес қосар би өнері – адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған ортаны бейнелеген шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Би өнерін дұрыс оқыту – тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу дегенге саяды. Міне, осы мақсатты ала қойып, Федоров ауданындағы балалар шығармашылығы үйінде Зия Нуршаштың жетекшілігіндегі «Күншуақ» би үйірмесі биыл екінші жыл қатарынан жұмысын жемісті жалғап келеді.

Үстіміздегі оқу жылында аталмыш үйірмеге, былтырғы құрамды қоса алғанда, 20 оқушы қатысады. Қатарға қосылып, би өнеріне қызығушылық танытқан 7-9 жас аралығындағы балалар да бар. Осы жеткіншектердің бойында би өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, икемділігін дамыту арқылы оларды әсемдікке, сұлулыққа, сонымен қатар сахна мәдениетіне баулу ісінде педагог Зия Нуршаштың еңбегі ерен.

Аталған үйірменің тәрбиелік маңызы да зор екенін айта кеткен жөн. Екі жыл ішінде жас бишілер ұлттық «Қазақ» биі, заманауи «Қуыршақ» биі, «Микки Маус» биі, «Өзбек» билерін толықтай үйреніп шықты. Биылғы оқу жылын облыстық «Алтын күз» челенджіне қатысумен бастады. Үйірмеге келіп жүрген жастардың би өнеріне деген қызығушылығына қарап, алдағы уақытта әлі талай биік белестен көрінетінімізге сенімдімін. Ата-аналардың да  үйірмеге деген белсенділіктері жоғары.

Өскелең ұрпақтың би үйірмесі балаларды әсемдікке баулып, дене сымбатының дұрыс қалыптасуына, өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезініп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сол себепті де, аталған үйірменің мәні мен маңызы жоғары болса керек. 


Назым БАТЫРБАЕВА,
Балалар шығармашылығы
үйінің директоры,
Федоров ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!