Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы. Халық даналығында «Өнер – ұлттың жаны» деген сөз бар. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

ҚР мәдениет қайраткері Боранбай Абеновты Арқалық қаласының әкімі Ғазиз Асанов марапаттады
Қасиетті өнердің киелі бесігі, дарынды тұлғалардың мекені – Торғай өлкесі. Атадан балаға мирас болып келе жатқан өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз болса керек. Арқалық қаласындағы мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Елімізде мамырдың 21-інде Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл күні аталмыш салада еңбегі сіңген колледжіміздің бірталай оқытушылары марапатқа ие болды. Ұжымымыздың мәртебесі өсіп, марқайып қалдық.
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің басшысы Сандуғаш Алматова қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, колледжіміздің музыка бөлімінің оқытушысы, өнер жолында бірталай жыл қызмет атқарып келе жатқан ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі, дирижер, ҚР мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Боранбай Әбенов Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасын иеленсе. Сондай-ақ әріптестеріміз М.Жумабаев, К.Айтмаганбетов, Г.Нургалиева, Е.Шакиров, Ж.Шакиржанова, Р.Газизова қала әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.
Сала мамандарына халықты өнерлерімен қуантып, әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын деймін.
Айгүл БУЛЕКОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің саз бөлімінің
меңгерушісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.