Мәңгілік ел – жыр арқауы

Выпуск - №43(540)   :   08.11.2022
659

Арқалық қаласында білім беру мекемелері арасында «Мәңгілік ел – жырларымның арқауы» тақырыбында жазба ақындар мүшайрасы өтті. Байқаудың мақсаты – талантты жастарды қолдап, олардың өнер жолындағы талпыныстарын бағалау.

Мүшайраға ауыл және қала мектептерінен 13 жас ақын қатысты. Олар екі кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезеңде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында өлең оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыпта арнау оқыды. Мүшайрада өлең оқылып қана қоймай, әуезді ән де шырқалды.

Жас ақындарымызға «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы, қалалық мұражайдың ғылыми қызметкері Батырлан Жұмабайұлы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлжазира Халыбекқызы қазылық етті. Ақындар арасындағы байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Мұхаммедәли Отар ие болса, жүлделі І орынды Родина мектебінің оқушысы Аружан Шөптібай, жүлделі ІІ орынды Б.Майлин атындағы №3 мектебінің оқушысы Әдемі Айтмағамбетова иеленді. Ал №10 орта мектебінің оқушысы Нұрхан Нұрлыбек пен Восточный орта мектебінің оқушысы Еркебұлан Байғазин ІІІ орынмен қанжығасын майлады.

«Өткір тілді ақын» номинациясына Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектебінің оқушысы Ақсезім Спанова, «Ойы орамды, қаламы қарымды» номинациясына №8 негізгі мектебінің оқушысы Аяулым Әбдіғалым, ал «Ең жас ақын» номинациясына Фурманов орта мектебінің оқушысы Әділет Серік лайық танылды. Жеңімпаздар қалалық білім бөлімінің мадақтамасымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Ляззат ЕСМАҒАНБЕТ,
Қосымша білім беру
орталығы директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.