Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанайдағы «Қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ ерекше қамқорлықты қажет ететін жандар үшін ұмытылмас мерекелік кеш сыйлады.
Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар мен психоневрологиялық дертке шалдыққан ересектерді қамтитын 35-ке жуық адам қатысты. Мереке ойын-сауыққа, шығармашылық белсенділікке және ұлттық дәстүрлерге толы болды. Қатысушылар ұлттық тағам байқауына қатысып, этно-бұрышта қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетімен танысты. Бөлме іші әсем безендіріліп, балалардың өздері жасаған қолөнерлер туындыларымен толықтырылды. Олар ән шырқап, би биледі, әртүрлі шығармашылық көрмелерге қатысып, қабілеттерін көрсетті.
Ұйымдастырушылар «Алдар Көсе мен Ашкөз бай» атты қысқа көріністі қойып, қатысушыларға риясыз күлкі мен қуаныш сыйласа, асық ату мен арқан тарту секілді ұлттық ойындар мерекенің көркін қыздыра түсті. Қыздар флэшмоб билеп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Артынша мерекелік кеште балалар қазақ салт-дәстүрлерімен, соның ішінде «Қырқынан шығару» дәстүрімен танысты. Ұйымдастырушылар болса Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіріп, ізгі тілектерін арнады. Өткізілген іс-шаралар бойы балалар бір-бірімен араласып, жаңа достар тауып, бірге көңіл көтерді.
– Біздің мақсатымыз – тағдыр тауқыметіне байланысты көп жағдайда оқшау қалып қоятын ерекше жандардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау. Осындай басқосулар олардың арасында достық қарым-қатынас орнатып, өздерін ортаның бір бөлшегі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Біздің ұжым тек Наурызда ғана емес, әр мереке сайын балалардың жүрегіне жылулық ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысады, – деді осындай іс-шаралардың әлеуметтік маңызына тоқталған Орталық басшысының орынбасары Анна Серикбаевна Слепцова.
Салтанатты жиын достық, жылулық пен қуаныш атмосферасында аяқталып, дастарқан басында шай ішіп, ізгі тілектер арнаумен жарасымды жалғасты. Демеушілер мен жанашыр азаматтардың қолдауымен өткен игі шара қатысушылардың жадында мейірім мен достықтың жарқын мерекесі ретінде сақталары анық.
Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенті
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.