Мектепте өткен айшықты айтыс

Выпуск - №41(589)   :   09.11.2023
1005

Тәрбие беру жұмысында әрдайым ұлттық өнерге басымдық беретін А.Байтұрсынұлы атындағы №19 ЖББ мектебінде, Республика күніне орай, «Жаңа күн – жаңа Қазақстан» тақырыбында ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Халқымыздың ұлттық өнері, көркем әдебиетіміздің бір саласы – айтыс. Оның астарында сол дәуірдің тыныс-тіршілігі мен мәдениеті шебер суреттеледі. Қара сөзді домбыраға әуелете салып, ұлы өнерді ұлықтаған ақындар айтысы жоғары дәрежеде өтті. Ұлттық өнерімізді дәріптеу арқылы жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуді көздеген жыр додасына жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шын талантар қатысып, бақ сынады.

Айтыс тақырыбы да өміршең, өзекті болды. «Туған жерім – мақтанышым», «Тілім – тұмарым» тақырыптарын жырға қосқан ақындар, сахнада саз бен назға толы қыз бен жігіт айтысын да айшықтады. Жалпы бес жұп қатысып, жыр додасында бақ сынасты. Ақындардың арасында ұлағатты ұстаз бен өнерге жақын оқушы да бар. Өнер додасына ҚР Журналистер Одағының мүшесі, өнер жанашыры А.Хасен, айтыскер ақын Ғ.Кенжеғозин, қоғам белсендісі Ж.Тілеуғабылов әділ бағасын беріп, ақындардың өнеріне тәнті болды.

От ауызды, орақ тілді сөз сүлейлері қым-қуат тіршіліктен шаршаған өнер сүйер тыңдарманның шөлін қандырып, тамаша рухани кеш сыйлады. Айтыс қортындысында қатарластарынан оқ бойы озық көрінген өршіл де өнерлі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекқали Мәлік Жомартұлы бірінші орынға ие болды. Мәліктің қиыннан қиыстырып, сөз саптауы өзгелерден ерекше болды. Ол өзекті мәселелерге өзінше үн қосып, тапқырлық та таныта білді. Жүлделі екінші және үшінші орындар А.Ікрам және С.Базарбаевқа бұйырса, ал «Сөз шебері» номинациясына Е.Жарылқасынов, «Көрермен көзайымы» номинациясына А.Мыңбай, «Ұйқасты ой» номинациясына А.Сарсенбаева ие болды.

Айтыс соңында сөз алған құрметті қонақтар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін жаудырды. Расымен де, жоспарланған түрде өткізілген бұл айтыс өзге іс-шарадан ерекше болды. Осындай рухты айтыстың жаңа өсіп келе жатқан жас жеткіншек үшін тәрбиелік мәні зор, пәрмені күшті болары сөзсіз.


Мадина АХАНОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
№19 ЖББ мектептің
қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.