«Менің бүкіл өмірім – ағартушылық»

Выпуск - №44(740)   :   20.11.2026
67

1

Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Западный» кітапхана-филиалы Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайымен бірлесіп, «Озат» мектеп-интернатының оқушылары үшін мақала тақырыбымен аттас танымдық сағат өткізді..

Кездесудің мақсаты – оқушыларды көрнекті ұстаз, жазушы әрі ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен, оның қазақ халқының білім беру саласы мен ағартушылық ісіне қосқан үлесімен таныстыру.
Музей экскурсоводының сүйемелдеуімен оқушылар құнды жәдігерлерді, ағартушының жеке заттары мен қолжазбаларды тамашалады. Әсіресе ұстаздың мүсіні қойылған, оқушылар бейнесі бейнеленген мемориалдық сынып жас келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.

2


Танымдық сағат барысында Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы мен педагогикалық қызметіне де назар аударылды. Оның білім мен ғылымды насихаттауға бағытталған еңбектері оқушылардың қызығушылығын оятып, туған елге деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін нығайтуға ықпал етті.
Осындай танымдық кездесулер өскелең ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, халқымыздың рухани мұрасын тереңірек танып-білуіне мүмкіндік береді. Ғұмыры ағартушылықпен өрілген ұлы тұлғаның өнегелі жолы бүгінгі ұрпақ үшін де тағылым мектебі болып қала бермек.

Шолпан АБИЛЬТАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Вот уже семь лет я тесно сотрудничаю с областной газетой «Учительская плюс». Могу с уверенностью сказать, что это одно из самых подходящих изданий не только для педагогов, но и в целом для всех работников сферы образования. Для меня особенно ценно то, что подписавшись на газету, я как полноценный журналист могу освещать все интересные события, которые проходят в нашем Центре дополнительного образования. Мы всегда получаем своевременный отклик на наши письма. За этим, конечно же, стоит огромный труд всего коллектива «Учительской плюс». Хочу пожелать газете процветания, благодарных читателей и сохранения своего неповторимого стиля!

Для меня счастливо сплелись преподавание русского языка и литературы в школе и возможность проявить себя в журналистике. Работая со словом, я на страницах газеты могу выразить свои мнения, размышления, впечатления, поделиться достижениями коллег, учеников. Освещаю активную профсоюзную деятельность в образовательной сфере города Рудного. С удовольствием пишу и о спортивных мероприятиях, потому что сам неравнодушен к спорту. И очень приятно, что мои творческие порывы находят признание и в редакции, и у читателей «Учительской плюс».