Мұқағали жыры – мәңгілік мұра

Выпуск - №7(703)   :   20.02.2026
548

фото 3 2

Мемлекеттік тілдегі кітапханада қазақ поэзиясының биік шыңы, сыршыл лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали – ғасыр ақыны» атты әдеби портрет кеші ұйымдастырылды.

Тағылымды іс-шараға М.Дулатов атындағы мектептің 8-сынып оқушылары қатысып, ақын шығармашылығымен жақын танысты. Кештің мақсаты – жас ұрпаққа Мұқағали поэзиясының рухани құндылығын таныту, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық сөз өнерін құрметтеуге баулу. Іс-шара барысында оқушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылық әлемі кеңінен таныстырылып, оның тағдырлы ғұмыры, халқына қалдырған мол мұрасы туралы мазмұнды мәліметтер берілді.
Әдеби кеш аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар Мұқағали әлеміне тереңнен бойлады. Бейнематериалда ақынның балалық шағы, шығармашылық белестері, халық жүрегінен орын алған жырлары мен әнге айналған туындылары туралы деректер қамтылды. Кештің әсерлі сәттерінің бірі – оқушылардың Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқуы болды. Жас оқырмандар ақынның сыршыл да өміршең жырларын жүрекпен сезініп, ерекше тебіреніспен жеткізді. Артынша барлық қатысушылар «Саржайлау» әнін караоке арқылы бірге орындап, кештің рухани мазмұнын байыта түсті.
Іс-шара барысында Мұқағали Мақатаевтың жыр жинақтары, естелік кітаптары мен зерттеу еңбектері қойылған көрме таныстырылды. Оқушылар ақын кітаптарын қызығушылықпен қарап, өздеріне ұнаған шығармаларды оқуға жазылып, рухани қорларын толықтырды. Викториналық сұрақтарғаоқушылар белсенділікпен қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін толықтырып, әдебиетке деген қызығушылықтарын көрсетті. Белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, кеш қорытындыланды.
«Мұқағали – ғасыр ақыны» атты әдеби портрет кеші жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани тәрбие беретін мазмұнды іс-шараға айналды деуге болады. Мұқағали поэзиясы – әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталатын асыл мұра. Осындай тағылымды кездесулер арқылы жас буын ұлт руханиятымен терең танысып, әдебиет әлеміне бір қадам жақындай түседі.

Айнаш АБЕНОВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхананың кітапханашысы,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.