Наурыз мейрамы қарсаңында Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада белгілі суретші, мүсінші, сәндік-қолданбалы өнер шебері Мұханбетқали Рахалиевтің туындылары қойылған «Наурыз дәстүрлері» атты көрменің тұсауы кесілді.
Мұхамбетқали Тоқтарбайұлы – өңірге ғана емес, республикаға кеңінен танымал шебер. Оның қолынан шыққан туындылар Қазақстаннан тыс, шетелдерде де сақтаулы. Шебер өзін төрт қырлы өнер иесі санайды: ол – суретші, мүсінші, қолөнер шебері және карикатурашы. Өнер жолында 40 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан шебер 1987 жылдан бастап қолөнермен тұрақты түрде айналысып келеді. Көрмеде ағаштан жасалған ұлттық бұйымдар, ою-өрнекпен әшекейленген домбыралар, мүсіндер, картиналар мен карикатуралар қойылған. Әсіресе, шебердің қолынан шыққан домбыралардың әртүрлі пішінде жасалуы көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Шебердің шығармашылық жолында айтулы жетістіктер аз емес. Ол 2015 жылы Астанада өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеге, 2016 жылы Әбу-Дабидегі халықаралық көрмеге қатысқан. Сондай-ақ облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып, 2024 жылы «Облыстық жыл патриоты» атағына да ие болды. Көрменің ашылу салтанатында кітапхана қызметкерлері мен қонақтар шебердің еңбегіне жоғары баға берді. Іс-шарада ұлттық өнердің маңызы, ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы айтылды. Кітапхана оқырмандары көрмеден ерекше әсер алғандарын жеткізді.
Ыбырай Алтынсариннің анасы мен атасы Балғожа бидің портреттері, сонымен қоса Бейімбет Майлиннің жас кезін қиялмен бейнелеген туындысы да көпшіліктің қызығушылығын арттырды. Бұл көрме – кітапханадағы шебердің алғашқы жеке көрмесі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып, бір ай көлемінде жұртшылықтың көзін қуантатын бұл көрме оқырмандарға ерекше рухани әсер сыйлап, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттырды.
Гүлнәз ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
4-курс студенттері
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.