Қостанай аспанында Наурыздың нұры ойнап, дала дидары жіби бастаған тұста Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты тарих пен тағылым тоғысқан ерекше рухты кеш өтті.
Биылғы Наурыздың қала жұртшылығы үшін жөні бөлек, жоралғысы өзгеше. Қазақ даласына білім шырағын жаққан ұлы тұлға Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл болса, оның есімін ұлықтап отырған қасиетті қара шаңырақ – музейге 35 жыл. Осындай айтулы даталармен тұспа-тұс келген мейрам А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттерінің қатысуымен жастық жалын мен бабалар салтына ұласты.
Мерекенің шымылдығын түріп, ортаны әнге бөлеген студенттер «Сен сұлу», «Наурыз думан» әндерін әуелете шырқағанда, жиналған қауымның көңілі көктемдей құлпырып, жайнай жөнелді. Көпшіліктің ортасынан аппақ ниетімен педагог-ғалым Қалқаман Хасенұлы шығып, елге ақжарма батасын берді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деген ізгі тілектер музей ішін нұрландырып жібергендей болды.
Дәстүрдің сабақтастығын үзбеген «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің әжелері кештің сәнін келтірді. Ақсұлу әжеміз «Еркем-ай» әнімен тербетсе, Тыным әжеміз «Қазақы дастарханым» әнін домбыраның сүйемелдеуімен нақышына келтіре орындап, тәнті етті. Ал бірлестіктің кеңесшісі Злиха әжеміз Наурыз көженің киесі мен дайындалу сырын айтып, ұлттық дәмнің қадір-қасиетін ұғындырды. Тәттіден шашу шашылып, төрдегі қонақтардан бастап барша қауым мерекенің басты нышаны – Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татты.
Наурыз – салт-дәстүрлердің салтанат құратын мерекесі. Кеш барысында қазақ халқының үйлену тойындағы ең әдемі салт-дәстүрлердің бірі – «Құда түсу» мен «Беташар» көріністері паш етілді. Жастардың сахналауындағы бұл қойылым көрерменді шынайы тойдың ортасына жетелегендей болды. Тіпті, Ахаң атындағы қара шаңырақтың оқытушылары «Беташар» жоралғысына сай ақшалай шашуларын беріп, салтқа құрмет көрсетті. Артынша студенттердің ұйымдастыруындағы ұлттық ойындар кештің көрігін қыздыра түсті. Өнегелі кеш соңында Роза Рымбаеваның репертуарындағы классикалық «Наурыз» әні студенттердің бірлескен хорымен орындалып, жиынның нүктесін қойды.
Осылайша Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде кең көлемде, мазмұнды түрде аталып өтті. Мерекелік іс-шара ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға бағытталған тағылымды басқосуға айналды. Осындай игі іс-шаралар халықтың тарихи жадын жаңғыртып қана қоймай, салт-дәстүрге деген құрметін арттыра түсетіні сөзсіз.
Аимгуль ОМАРКАНОВА,
Ыбырай Алтынсариннің
Қостанай облыстық
мемориалдық музейінің
Экскурсия-бұқаралық жұмыс
бөлімінің меңгерушісі
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.