Қостанай қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналған тағылымды кездесу өтті.
Рухани-танымдық іс-шараға ақынның ұрпақтары, құрметті қонақтар, ұстаздар мен 5-сынып оқушылары қатысты. Жиын жастарды Н.Ахметбековтің өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және олардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды көздеді.
Кездесу аясында ақынның шығармашылығына арналған презентация көрсетіліп, оқушылар оның өнегелі өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы тың деректерге қанықты. Сонымен қатар ақын шығармашылығын зерттеп жүрген оқушы жобасын таныстырып, ізденіс барысында жинақтаған мәліметтерімен бөлісті.
Кездесудің әсерлі сәттерінің бірі – ақын ұрпақтарының бөліскен естеліктері болды. Қонақтар Нұрхан Ахметбековтің өмірі, шығармашылық мұрасы мен отбасылық құндылықтары жайында әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына тұшымды жауап берді. Жылы жүздесу барысында күйлер орындалып, тағылымды әңгіме өрбіді. Бұл жүздесу оқушыларға ақын мұрасын тереңірек танып, оның рухани маңызын ұғынуға мүмкіндік берді. Осындай тағылымды басқосулар жас ұрпақтың туған өлке тарихына, ұлттық әдебиетке және ел жадында сақталған тарихи тұлғалардың мұрасына деген құрметін арттырады.
Нұрхан Ахметбековтің шығармашылық мұрасы – ұрпақтарға жалғасып, рухани сабақтастықты нығайтатын құнды қазына. Кездесудің соңында ұйымдастырушылар қонақтарға алғыс білдіріп, естелік суретке түсті. Рухани тағылымға толы бұл іс-шара оқушылардың жүрегінде ақынға деген құрмет сезімін ұялатып, ұлттық құндылықтарды қастерлеудің маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.
Бибигуль ЖУМАСАЕВА,
Абай атындағы
жалпы білім беретін
мектептіңбастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай қаласы
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.