Облыстық кітапхана «Кітапхана түніне» шақырады!

Выпуск - №000(000)   :   21.04.2022
626

Ертең, яғни сәуірдің 22-сі күні Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Кітапхана түні» әлеуметтік-мәдени акциясы өткізілмек. Кітапхана түнінің тақырыбы: «Экология».

Экологиялық образ немесе өмір салты тақырыбы – біздің болашақ эволюциялық дамуымыздың маңызды құрамдас бөлігі. «Кітапхана түні» акциясы аясында облыстық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарын «Эко стиліндегі өмір» алаңына шақырады. Сіздерді қызықты және танымдық іс-шаралары бар экобелсендер күтеді.

«Neco» ЭКО клубының негізін қалаушы және жетекшісі Наурызбек Бірмағамбетов күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуы үшін экостилдегі өмірге қалай қадам жасау керектігін айтып береді. «Эко стиліндегі өмір» ақпараттық досьесі; «Эко бастамалардың Фандрайзингі» панорамасы; «Жобалардағы кітаптар», «Вермикомпостирование» шебер-сыныптары сынды қызықты іс-шаралар өткізілмек. Сондай-ақ «Рауан» қоғамдық бірлестігінің өкілі Алена Дурманова ағаш күйдіру бойынша шебер-сыныбын көрсетеді.


«Органик маркет» ЭКО өнімдер көрмесінде «Форефер Ливинг Продактс Казахстан» ЖШС менеджері Дилара Турганова ұсынатын Алоэ Вера негізіндегі денсаулыққа арналған өнімдерді көруге болады. Қалағандар «Экомониторинг» бұрышындағы тамақ өнімдеріндегі (көгөністер мен жемістер, ет өнімдері және т.б.) нитрат деңгейін тексере алады. Ал бөлімнің энциклопедияларынан қызықты ақпарат пен маңызды фактілерді таба аласыз, олар сіздің әлем туралы түсінігіңізді кеңейтеді және таныс заттар мен құбылыстарға жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі.
Құрметті оқырмандар, қала тұрғындары және қала қонақтары!
Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі сіздерді «Кітапхана түніне» шақырады! Келіңіздер! Қызықты іс-шаралар легінен қапы қалмаңыздар!


Ботагөз ӘЛКЕБАЕВА,
Л.Н. Толстой атындағы
Қостанай облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасының
ақпараттық-библиографиялық
қамтамасыз ету бөлімінің
меңгерушісі

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.