Облыстық музейдегі тағылымды шара

Выпуск - №25(522)   :   30.06.2022
1363

Қазақ журналистикасының қара нары, Қазақстанның құрметті журналисі, Мәдениет қайраткері Сәлім Меңдібай Тоқмырзаұлына арналған «Қаламын қалың қауым қастер тұтқан тұлға!» атты көрменің ашылуы өтті.

Қазақстанның Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Сәлім Меңдібаев – 1946 жылы 5 шілдеде Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат кентінде туған. 1969 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған. 1971 жылдан бастап Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті редакциясында еңбек етті. 1979 жылы Алматы жоғары партия мектебін сырттай оқып бітірді. 1996 жылдан бері Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің (Қостанай өңірлік университетінің) журналистика факультетінде ұстаздық етті. Ал 1999 жылдан бастап «Қостанай таңы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Облыстық Ыбырай Алтынсарин музейі қарымды қаламгердің құнды дүниесінен көрме жасақтап, нар тұлғаның мұрасын музей келушілеріне кеңінен насихаттауды қолға алды. Сәлім Тоқмырзаұлы қаламына кие қонған журналист, жазушы Бейімбет Майлин, Мұхаметжан Сералиндей асылдардың сынығы. Ол Ақсуаттағы Ыбырай салдырған мектепте әліппе таныды. Сегізінші сыныптан Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатында білім алып, тәмәмдап шықты. Қаламгердің бүкіл өміріне осы екі мектеп азық болды.

Салтанатты жиын басы Сәлім Тоқмырзаұлы 45 жыл қызмет атқарған «Қостанай таңы» редакциясы ғимаратының қабырғасына ілінген ескерткіш тақтаның ашылуымен басталған еді. Биыл облыстық «Қостанай таңы» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген мерейлі іс-шарада аға буын өкілдері бас қосып, қаламы қарымды қаламгердің өшпес мұрасын, өсиет-өнегесін еске алып, жас ұрапаққа үлгі етті.

Көрменің ашылуында Сәлім Тоқмырзаұлының көзін көріп, әріптес, дос-жаран болғандардың барлығы төбе көрсетті. Музейдегі көрменің ашылу салтанатында 45 жыл бірге қызметтес болған белгілі сатирик, журналист Дәмір Әбіш пен шәкірт болып бірталай шапағатын көріп, тәлімін алған Мирас Жүнісбеков сынды ағалар естеліктерімен бөлісіп, сөз сөйледі.

Ағаның артында өшпес із, қазыналы рухани мұра қалды. «Тұмарымыз – Түркістан», «Біздің елдің жігіттері», «Армысың, алтын таң!», «Өшпес даңқ», «Жүрек лүпілі», «Еменнің айыр бұтағы», «Мөп-мөлдір дүние», «Ілияс Омаров», «Еркімбайдың Сұлтаны», «Терең тамыр» секілді кітаптары ағамыздың қаламының қуатын, өрлігі мен тереңдігін таныта алды. Соңында тағзым етіп келген қонақтар назарына Сәлім Меңдібайдың жарқын бейнесі үлкен экран арқылы беріліп, бейнефильм көрсетілді.


Сералы МЫРЗАБАЙ,
Жамал ШАУКЕН

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.