Оқумен озған оқушы

Выпуск - №21(669)   :   06.06.2025
617

1

Жақында ІІІ облыстық «Оқы және жең» онлайн байқауының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Нәтижесінде біздің оқушымыз да байқаудың жүлдегері атанды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деген сөзінің дәлелі ретінде өткізіліп келе жатқан бұл бірегей жобадан Қостанай ауданындағы Айсары жалпы білім беретін мектебінің педагогтері мен оқушылары да тыс қалған жоқ. Байқау басталғалы бері мектеп бойынша барлығы 18 мұғалім, 35 оқушы және 11 ата-ана тіркелді. Олар 3 кезең бойынша ұсынылған кітаптарды оқып, онлайн тест тапсырып, белсенділік танытты.
Соның ішінде барлық төрт кезеңнен сүрінбей өтіп, оқ бойы озып шыққан мектебіміздің 4-сынып оқушысы Інжу-Маржан Марқабай 3-орынды иеленді. Ол 10-14 жас санаты бойынша байқаудың бірінші кезеңінде С.Бегалиннің «Бала Шоқан», екінші кезеңінде С.Елубайдың «Балалық шақ баяны», ал үшінші кезеңінде А.Маршалдың «Мен шалшықтан секіре аламын» шығармаларын аса қызығушылықпен оқыды. Финалда осы оқыған кітаптардан алған әсері мен түйген ойларын жинақтап, эссе жазды.
Інжу-Маржан – мектепте белсенді әрі озат оқушы. Ол «Ақ кербез» би тобының және мектеп қабырғасындағы күй ансамблінің белсенді мүшесі. Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин оқулары облыстық кезеңінің 3-орын иегері, М.Шаханов оқулары республикалық кезеңінің 1-орын иегері және «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының республикалық кезеңінің 1-орын иегері. Биыл мамыр айында «Ақ кербез» би тобының құрамында Түркістан қаласында өткен байқауда Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
«Оқы және жең» облыстық байқауы халықтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітапсүйер оқырман санын арттыруға бағытталған ерекше жоба. «Біз ең алдымен жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деген Президентіміздің сөзі жобаның маңыздылығын көрсетеді. Ондағы оқуға ұсынылған кітаптар – әдебиет әлемінде шоқтығы биік туындылар. Осы ретте байқаудың ұйымдастырушыларына алғыс білдіре отырып, жобаның алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенеміз.

Мирамкүл КӨШЕК,
Айсары жалпы білім
беретін мектебінің
кітапхана меңгерушісі,
Қостанай ауданы

Реклама

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.