«Оқы және жең»: жеңімпаздар марапатталды

Выпуск - №6(702)   :   13.02.2026
803

Оқы және жең жеңімпаздар марапатталды (1)

IQostanay оқушылар сарайында IV облыстық онлайн «Оқы және жең» оқу байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақ арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырман мәдениетін дамыту.

Салтанатты кеш «Карнавал» би ансамблінің әсерлі өнерімен ашылып, байқаудың өту барысын таныстыратын бейнероликпен жалғасын тапты. Көрермендер байқаудың мән-маңызымен, оның негізгі кезеңдерімен танысқан соң, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі басталды. Байқау үш жас санаты бойынша ұйымдастырылды: 10-14 жас, 15-18 жас және 19 жастан жоғары қатысушылар. Әр санатта қатысушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы, білім деңгейі мен ой-өрісі сараланып, үздіктер анықталды. Алғашқылардың бірі болып сахнаға шыққан журналист Нұрқанат Құлабаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, олардың ізденісін ынталандыру мақсатында 25 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттарды табыстады.
Артынша үшінші орын жүлдегерлеріне марапаттарын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, педагог Александра Суслова табыс етті. Әр жас санаты бойынша алты қатысушы марапатталып, оларға дипломдар, ата-аналарына Алғыс хат және 75 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификат берілді. Екінші орын иегерлерін марапаттау құрметі Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың басшысы Сәния Безаубековаға бұйырды. Әр жас санатынан төрт қатысушы жүлдегер атанып, 100 мың теңгенің ақшалай сертификаттарына, дипломдар мен Алғыс хаттарға ие болды.
Бірінші орын иегерлеріне марапаттарын Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов табыстады. Нәтижесінде 10-14 жас санаты бойынша Дана Кенжетаева мен София Несина, 15-18 жас санаты бойынша Жансая Сәлімкерейқызы мен Тогжан Сугурова, ал 19 жастан жоғары санатта Шынар Төлегенова мен Валентина Токарева жеңімпаз атанды. Оларға 150 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификат, диплом және Алғыс хат табысталды. Салтанатты кеш барысында байқауды ұйымдастырып, оның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан кітапхана қызметкерлері, мәдениет ұйымдары, білім беру мекемелері мен серіктестер назардан тыс қалмай, Алғыс хаттармен марапатталды.

Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенті

Реклама

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.

Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.