«Өлеңнен кейінгі өлең»

Выпуск - №3(699)   :   23.01.2026
812

Өлеңнен кейінгі өлең (1)

Торғайдан түлеген ақындардың санында қисап жоқ. Ахаң-Жаһаң бастаған поэзияның үркін көші өзі алдына бөлек әңгіме. Ал сол сара жолды үзбей, бәлки, жалғап келе жатқан ақындардың шоқтығы биік. Солардың қатарына журналист, облыстық «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары әрі ақын Аслан Қанғожинді де жатқызуға болады.

Өлеңнен кейінгі өлең (3)

Кейіпкеріміз «Шабыт» меценаттар клубы сыйлығының иегері, М.Дулатұлы мүшайрасының және М.Сералиннің 150, «Қостанай таңы» газетінің 100 жылдығына арналған жазба айтыстың жеңімпазы, республикалық, облыстық жыр мүшайраларының жүлдегері. Ол өзге ақындар секілді мектеп қабырғасында жүріп-ақ қолына қалам алып, жыр әлеміне қадам басқан. Ал поэзияның терең тұнығына бойлау, өлеңге шын мәнінде беріліп, жан дүниесін арнау студенттік албырт шақтың еншісіне тиесілі. Ақынның алғашқы жыр жинағын «Өлеңнен кейінгі өлең» деп атауы да кездейсоқтық емес. Автордың өзі бұл атауды «шығармашылықтан кейінгі тыныс» деп түсіндіреді.

Өлеңнен кейінгі өлең (2)


– Алғашқы жыр жинағымды «Өлеңнен кейінгі өлең» деп атауымның өзіндік себебі бар. Шығармашылық жолымда аздаған үзіліс болып, сол тыныс маған ойға шомып, жаңа толғаныстарға жетеледі. Атауы да сол кезеңде туған ойдың жемісі. Оның үстіне, жинақта дәл осы атаумен жазылған өлең де бар. Жалпы, өлең жазғаннан кейін жан дүниең тазарғандай, ішкі бір жеңілдік пен рақат сезімі орнайды. Бұл өлең де сондай көңіл-күйден, жанның терең тынысынан туған, – дейді Аслан Жақсылықұлы.
Аға буынның ақын жайлы айтар пікірі тіптен бөлек. Өйткені көп жағдайда шығармашылық иесі адуынды, мінезі асау, дүлей дауылдай болып келетіні белгілі, дегенмен кейіпкеріміз бұл қалыпқа сыймайды. Оның болмысы байсалды, ақ көңілі аңғарылады, өзіне ғана тән дара қолтаңбасы бар.
– Бұл кітапта оның жастық шағына тән барлық сезімдер мен күйзелістер, толғаныстар мен әсерлер көрініс тапқан. Поэзиядағы алғашқы қадамдар, өмірге деген махаббат пен алғашқы толқыныстар және осы әлеммен бір ырғақта соққан жүрек лүпілі. Әрбір жолдан, әрбір өлеңнен оның жастыққа тән өмірсүйгіштігі мен ішкі қуатын аңғаруға болады. Оның өзгелерден ерекшелігі де осында. Әрине, Аслан секілді ақындар жетістіктерін мақтан етіп, кітап шығарып, тұсаукесер өткізуге әбден құқылы. Бүгінде ол «қамал алатын» жасқа жетті деуге болады, – дейді Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облыстық филиланың төрағасы Жанұзақ Аязбеков.
Жас буын Аслан Қанғожинді журналист ретінде таниды. Тіпті көпшілік оның өлең жазатынын жыр жинағының тұсаукесерінде ғана білген. Солардың бірі – кітапхананың тұрақты оқырманы Қуандық Қабдуллин. Оның айтуынша, әр қаламгерді тосын, жаңашыл қырынан танудың өзіндік артықшылығы бар.
– Аслан аған облыстық «Қостанай таңы» газетінде тілші, кейіннен аталған басылымның бас редакторының орынбасары болғанын білемін. Ағамыздың түрлі тақырыпта жазған мақалаларын оқып тұрамын. Қоғамдағы сан түрлі мәселелерге үн қатып, жергілікті билік өкілдерімен, танымал тұлғалармен сұхбаттарын да газет беттерінен оқимын. Ал бүгін ағамыздың ақындық қабілеті бар екенін және жас кезінде талай айтысқа қатысқанын естіп таңғалдым, – дейді ол.

Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
4-курс студенттері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.