Омар құдығы – мәдени мұра

Выпуск - №45(693)   :   05.12.2025
496

Алтынсарин ауданының қоңыр жон даласында, табиғаттың тылсым тынысын бойына жинаған бір ерекше орын бар. Ол – халқымыздың ұлы ағартушысы, қазақ баласының жүрегіне білім шамын жаққан Ыбырай Алтынсариннің кіндік қаны тамған Омар құдығы.

2

Бұл жер – тек табиғат нысаны ғана емес, бүтін бір дәуірдің рухани сәулесін сақтаған, ұлт тарихының қайнар көзіндей қасиетті мекен. Ел аузындағы деректерге сүйенсек, Омар құдығы орналасқан Қошанның Мезгілінде кезінде 50-60 үй жайлаған. Сол маңда Ыбырайдың атасы Балғожа бидің тұрағы болған. Қарапайым ауыл тіршілігі өрбіген, қазақы болмыстың қаймағы бұзылмаған сол ортада болашақ ұлы педагогтің алғашқы тал бесігі тербелді. Әр төбесі мен әр бұлағынан ел тарихының үні естілетін бұл мекенде халықтың асыл дәстүрлері, ынтымақ пен ізгілік мектебі қалыптасты. 1991 жылы Омар құдығы қайта жаңартылып, басына құдық және ескерткіш тақта орнатылды. Ал 2018 жылы аталмыш орын арнайы жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдаланылатын таза су көзіне айналды. Бұл – өткенге құрмет, болашаққа жасалған ізгі аманат.

1

Қараша айының 16-сында Қостанай ауданының Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқытушылары мен оқушылары осы қасиетті мекенге тағзым ету үшін арнайы сапар жасады. Балалар құдық басынан мөлдір су ішіп, тарихи орынмен танысып, ұстаздарынан Ыбырай өмірі мен еңбегіне қатысты тағылымды деректерді тыңдады. Бұл сапар – жас ұрпаққа туған жердің қадірін ұғындыру, ұлттық тұлғаларды құрметтеуге баулу бағытындағы маңызды қадамдардың бірі. Омар құдығына барған әрбір жас өз жүрегіне бір шырақ жағады: білімге деген құштарлық, еңбекке сүйіспеншілік, елге қызмет етуге деген ниет. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы – ұрпаққа үлгі, рухани биіктің өлшемі. Оның туған жерін өз көзімен көру – балаларға өмірлік ұстанымдардың бастауын көрсеткендей болады.
Тарихи жерлерді тану – жай ғана экскурсия емес, тәрбиенің ең әсерлі түрі. Себебі туған жердің топырағы, тарихи орындар мен тұлғалар тағылымы жас буынға сөзбен жеткізілмейтін терең сезім ұялатады. Омар құдығы да – сондай құндылықтардың бірі. Ол бізді өткенмен жалғап, болашаққа жол сілтейді. Осыған орай жастарды рухани мұраны қадірлеуге, тарихи мекендерді құрметтеуге, асыл тұлғалардың өнегелі жолынан тәлім алуға шақыру – біздің міндетіміз. Омар құдығы – ұлт руханиятының бір бұлағы болса, сол бұлақтан нәр алған ұрпақ – еліміздің ертеңгі шамшырағы.

Сауле СМАШОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ директоры,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.