Өмір айнасы, өнер қоймасы

Выпуск - №19(567)   :   19.05.2023
488

Жыл сайын мамыр айының 21-інде Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтіледі. Мерекеге орай биыл облыс орталығында іс-шаралар онкүндігі жоспарланып, қала тұрғындары бірқатар мәдени оқиғалардың куәсі болды.

Онкүндік мамырдың 15-інде қаламыздағы Жастар сарайында өткен «Vetus Performance» камералық оркестрдің концертінен бастау алып, 16-сындағы кітапханалар күнімен, 17-сіндегі театрлар күнімен, 18-індегі музейлер күнімен жалғасын тапты. Театрлар күнінде Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры келемін деушілерге ашық есік күнін өткізді. Ең алдымен, «Сахна сыртына саяхат» студенттермен кездесу, театр цехтарына экскурсия жүргізіліп, артынша «Туған күніңізбен, анашым!» спектаклі өзгеше форматта көрермен назарына ұсынылды.

– Бүгінгі шараға оқу орнымыздың студенттерімен қатар білім ордамызда өтіп жатқан біліктілік арттыру курсына өңірдің түкпір-түкпірінен келген дене шынықтыру мұғалімдері де қатысты. Ашық есік күні керемет өтті деп айта аламын. Ең әуелі театр ішінде экскурсия жүргізілді. Театр актёрлерінің сахнадағы өнерін тамашалағанмен, бізге көрсетілетін қойылымның артында қаншама жұмыс пен ерен еңбек жатқанын білмей жатамыз. Бүгін соған өз көзімізбен куә болып қайттық. Актёрлердің сахна сыртындағы өмірін, атап айтар болсақ: сахналық қойылымға дайындалатын кабинеттерін, олардың киімдері, макеттер дайындалатын цехта болып, кәсіби мамандардың жұмыс барысын тамашаладық. Артынша керемет спектакльмен театр қабырғасындағы ашық есік күнінің нүктесі қойылды. Студенттер де, мұғалімдер де үлкен әсер алып қайтты, – дей келе, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-дің аға оқытушысы Дидар Жұмекенова театр ұжымына шексіз ризашылығын білдірді.

Онкүндік аясындағы мәдени шаралар мамырдың 21-іне дейін жалғаспақ.

Бетті дайындаған Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.