Облыстық көркемсурет галереясында белгілі суретші Георгий Соковты еске алып, өңірдің көркемөнер саласында ерекше орын алған шебердің шығармашылығын, оның ізденісі мен қажымас еңбегін паш еткен «Өмірі өнермен өрілген» көрмесі ашылды.
Көрменің ұйымдастырушылары атап өткендей, ұсынылған туындылардың әрқайсысы Георгий Соковтың өмір жолының айнасы іспеттес. Ол тек кескіндеме мен графика жанрында танылған шебер ғана емес, өз ісіне адал, жарқын мінезді тұлға болған. Оның әр туындысы – өнердегі жан дүниесінің, ойларының көрінісі. Бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі Сая Калинова көрмені ұйымдастыруға атсалысқан барша жанға алғысын білдіріп, «Бізге өшпейтін жады қалыптастыру қажет. Өткенді ұмытпай, мұраны жастар мен келер ұрпақ үшін сақтау маңызды», – деді.
ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быков Георгий Михайловичті терең ойлы әрі үнемі ізденісте жүрген, аса еңбекқор адам деп сипаттады. Көрме мерекелік сипатта өтсе де, оның әрбір бұрышынан сағыныш пен құрметтің лебі сезілді. «Келген көрермендер туындыларды бағалау үшін емес, шебермен рухани жүздесу үшін жиналды», – дейді Вадим Быков. Экспозицияда суретшінің отбасылық архиві мен музей қорынан алынған 50 туынды ұсынылған. Келушілер 1969 жылғы алғашқы этюдтен бастап, 2024 жылы жазылған соңғы шығармаларына дейінгі жарты ғасырдан астам шығармашылық жолды қызығушылықпен тамашалады. Бұл көрмеге қойылған әр туынды шебердің ойы мен жүрек түкпіріндегі сезімдерін жеткізіп, жаңа буынға шабыт сыйлады.
«Өмірі өнермен өрілген» көрмесі қылқалам шебері Георгий Соковты еске алуға ғана емес, оның шығармашылығын бағалау әрі жастарға өнердің мәнін жеткізетін рухани кездесу орнына айналды. Әр келуші бұл жерде өнердің мәңгілік екенін, шебердің ізін және өнерге деген адал махаббатын сезінді.
Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандағының
3-курс студенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.