Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

«Өнегелі отбасы» Айсары ауылында

Выпуск - №50(647)   :   20.12.2024
516

1

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен елорамыздағы Қазмедиа орталығында «Өнегелі отбасы» республикалық байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаттары – еліміздегі отбасы мәртебесін арттыру, ол – бүгінгі зиялы қауымның атқарған еңбектерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету арқылы тәуелсіз еліміздің патриот жастарын тәрбиелеу, елдік мүдделеріміз бен тәуелсіздік тұғырымызды берік ету. «Бір-біріңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», – деп халқымыз айтқандай, міне, қазіргі ұрпақ – біздер мен сіздер – ең бақытты заманның куәгеріміз, егемен елдің тұтқасын ұстаған ұрпақтарымыз.

Байқауға әр өңірден отбасылар қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді. Аталмыш байқауға мен өз отбасыммен қатысып, «Тәжібаевтар» отбасы І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Өнегелі отбасы» статуеткасына, «Өнегелі отбасы» республикалық байқаудың энциклопедиясына ие болып, отбасы құндылығын барынша сақтап, береке-бірлікті насихаттап жүргеніміз үшін «Өнегелі отбасы» төсбелгісі мен куәлігі берілді.

Осы орайда, байқауға қатысуға демеушілік көрсеткен Айсары ауылдық округінің әкімі Нургазин Бауыржан Ерденович мырзаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, өзімнің Айсары жалпы білім беретін мектебінің директоры Әлімова Назгүл Едресқызына және мектеп ұжымына ерекше ризашылығымды жеткізгім келеді. Олар әрқашан қолдау көрсетіп, жақсылық жасап, тілекші болып отырады. Отбасымды әрдайым мақтан тұтып, мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, құндылықтарына зор құрметпен қараймын.

Саркын АБЕНОВА,
Айсары жалпы білім беретін мектебінің аға тәлімгері,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.