Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
25/10/26 Воскресенье

Өнер байқауының жеңімпаздары

Выпуск - №46(442)   :   21.11.2020
456

Бірнеше жыл бұрын іс-шаралардың қашықтан өтетіндігін айтса, сену қиын болар еді. Биыл жиындар, жарыстар мен байқаулар да онлайн форматта өтуде. V Республикалық «Жарық Жұлдыз» балалар өнер байқауы да солай.

«Жарқын болашақ» Республикалық оқу орталығының ұйымдастыруымен  өткен байқауға әр өңірден мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. Байқау балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу, өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, ізгілік пен адамгершілікке баулуға бағытталған.
Амангелді ауданындағы «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Домбыра сазы» үйірмесі жетекшісі Жангелді Байкеновтың шәкірттері атаулы сайыста бақ сынасты. Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Аяулым Ақмырза атақты композитор Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін, Нарқыз Еркінқызы жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін, ал Балахмет Серікболсын ақын Абай Құнабаевтың «Сегіз аяқ» әнін шырқады.
Байқау қатысушылары орындаған әндерін бейнероликке түсіріп, әділ қазылар алқасына жолдады. Әлбетте, бейненің сапасы, орындаушы дауысының анықтығы, басқа да талаптарға баса мән берілді. Өнер байқауының нәтижесінде Жангелді Байкеновтың үш шәкірті де бас жүлдені иеленді. «Эстрадалық вокал» жанры бойынша Аяулым Әлімқызы мен Нарқыз Еркінқызы жеңіске жетсе, «Дәстүрлі ән» бағытында Балахмет Серікболсынның мерейі үстем болды. Жеңімпаздар шығармашылық шыңына өрлей берсін деп тілек білдіреміз.

Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік
жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

2 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

3 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

3 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

3 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

3 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.