Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің өнерпаздары көршілес білім ордаларында көшпелі концерттік бағдарлама ұсынды.
Шығармашылық іс-шара қаламыздағы Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ, №8 ЖББМ және №10 ЖББМ сахналарында жалғасын тапты. Мектеп өнерпаздары түрлі жанрда өнер көрсетті. Концерт шымылдығын жас мамандар М.Мұстафа, А.Жұмағали және Ж.Әмірғазы «Арқалықтың ақ таңы» әнімен ашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйласа, күйшілер тобы орындаған «Алаш» күйі көрермендердің рухын асқақтатты. Диана Сержанқызы болса: «Арқалығым – мәңгілік жүрегімде», – деп, Арқалық қаласына арнаған төл туындысын тебірене оқып берді.
Ал биші қыздардың орындауындағы «Батырлар биі» көрерменді тәнті етіп, мектебіміздің термешісі Жантөре Талғатұлы «Қазақ осы» термесін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ «Театр» үйірмесінің қатысушылары «Алаш аманаты» атты сахналық қойылым ұсынып, ұлттық құндылықтар мен тарих парақтарын жаңғыртты. Қойылымның әсерлілігі сондай, әрбір «Мен қазақпын» деген жанның жүрегін тебірентіп, еріксіз көзге жас алдырды. Салтанатты кеш Жалғас Сайлаубектің орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен асқақ рухта түйінделді.
Ақмарал ШАЛДЫБАЙ,
Ш.Уәлиханов атындағы
№1 ЖББМ директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.