Өнер тоғыстырған «Екі жұлдыз»

Выпуск - №7(703)   :   20.02.2026
777

Өнер тоғыстырған Екі жұлдыз (1)

Айсары жалпы білім беретін мектебінде ұстаз бен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Екі жұлдыз» атты мектепішілік байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мұғалім мен оқушының бір сахнада өнер көрсетіп, өзара түсіністік пен шығармашылық үйлесімділікті паш етуіне мүмкіндік берген бұл байқау ерекше әсерге бөледі. Әр түрлі пән мұғалімдері мен оқушылардан құралған жұптар ән айтып, би билеп, сахналық көріністер мен музыкалық қойылымдар арқылы өнерлерін ортаға салды.
Байқауға барлығы бес жұп қатысты. Атап айтқанда, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Карлығаш Куйшугулова 9 «Б» сыныбының оқушысы Гүлназ Тулемисовамен, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгерім Абдибекова 10 «Б» сыныбының оқушысы Жансезім Тойшымен жұп құрады. Бастауыш сынып мұғалімі Тазагүл Арыстанбек 5 «Б» сыныбының оқушысы Жұлдыз Қабсабырмен, ал бастауыш сынып мұғалімі Бейсенкүл Макишева 6 «Б» сыныбының оқушысы Аруна Жүсіпбекпен, сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Кожахметова 7 «А» сынып оқушысы Даяна Жаппасовамен бірге өнер көрсетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін сахнада өзін-өзі ұстауы, шығармашылық шеберлігі, жұптық үйлесімділігі және көркемдік деңгейі бойынша бағалады. Байқау қорытындысында Бас жүлде Айгерім Абдибекова мен Жансезім Тойшыға бұйырды. І орынды Гаухар Кожахметова мен Даяна Жаппасова иеленсе, ІІ орын Карлығаш Куйшугулова мен Гүлназ Тулемисоваға табысталды. Ал ІІІ орын Бейсенкүл Макишева мен Аруна Жүсіпбекке бұйырды. Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясы Тазагүл Арыстанбек пен Жұлдыз Қабсабырға бұйырды.
Өнер мен ұстаздықты ұштастырған бұл байқау мектеп өміріне ерекше серпін беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланысты нығайта түсті.

Саркын АБЕНОВА,
Айсары жалпы білім
беретін мектебінің аға тәлімгері,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.