Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Арқалық қаласындағы барлық мектептердің 3-4 бастауыш сынып оқушыларын қамтыған «Патриоттық әндер» байқауы қашықтан өтті.

Адина Хасен және Мақсұтбек Шахмұрат жетекшілері Қалжан Байшовамен
Педагогикалық тәжірибе әдіскерлеріміз Гүлмира Назарова мен Күләш Абдилдинаның ұйымдастыруымен өткен байқау 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезең – таныстыру, екенші кезең – видео арқылы патриоттық әндерді жанды дауыста орындау. Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілген байқау нәтижесін ұйымдастырушылар онлайн форматта жариялады.
I дәрежелі дипломмен Кейкі батыр атындағы №4 орта мектептің 3-сынып оқушысы Адина Хасен (жетекшісі Қ.Байшова), А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы Нұрислам Камал (жетекшісі С.Бажыканова) марапатталды. Ал II дәрежелі дипломды Кейкі батыр атындағы №4 орта мектептің 3-сынып оқушысы Мақсұтбек Шахмұрат (жетекшісі Қ.Байшова) алса, III дәрежелі дипломға А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Ақнұр Киекбаева (жетекшісі С.Бажыканова) және А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Ерхан Бекет (жетекшісі А.Жаканова) лайық деп танылды.

Өнерлі бала Ерхан Бекет
Сонымен қатар белсенділік көрсеткені үшін Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Елжас Мейрамхан (жетекшісі А.Сарымсакова), Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Азат Ақылбек (жетекшісі Б.Сейлбекова) мақтау қағаздармен және жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды. Осындай әлеуметтік серіктестермен бірлесе іс-шараларды ұйымдастырған әдіскерлерімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, ал байқауға қатынасқан барлық қала мектептерінің мектеп әкімшілігіне және жетекшілеріне алғысымызды білдіре отырып, әлеуметтік серіктестеріміздің одан әрі қолдау табатынына сенім білдіреміз.
Бақытира НҰРҒАЗИЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
директорының оқу-өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!