Республикалық домбырашылар челленджі өтті

Выпуск - №12(560)   :   17.03.2023
1384

Әуезді күй ойналса, құлағы елең етпейтін қазақ жоқ шығар. Бүгін ұлттық құндылықтарымызды жастар арасында насхаттау мақсатында Наурыз мерекесіне орай республикамыздың түкпір-түкпірінде бір уақытта домбыраның қоңыр үні естілді.

Алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мұрындық болуымен қолға алынған домбырашылар челленджіне біздің Қостанай облысының талантты жастары да үлес қосты. Жоспар бойынша жас домбырашылар өз елді мекендерінде жиналып, сағат 12:00-де челленджді іліп әкетулері керек болатын. Облыс орталығы Қостанай қаласының жас домбырашы оқушылары да осы уақытта Балалар шығармашылық үйінің төрінде бас қосты. Залға өте сала қолына домбыраларын алып, қазақы оюмен өрнектелген ұлттық киімдерін киген жастарды көрдік. Олар бір-бірінің үніне құлақ түріп, бір толқында Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлерін орындады.

Қаламқас Қаратаева «Жұлдыз» студиясының шәкірттерімен

Домбырашылар челленджі – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеуді көздеді. Сондай-ақ мәдени шара білім алушыларды ұлттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған.

– Осы уақытта республикамыздың әрбір өңірінде мектеп оқушыларының домбырашылар челленджі өтті. Біздің қаламыздың оқушылары да бұл челленджден қалыс қалмай, үлестерін қосуда. Қостанай қаласының қосымша білім беру ұйымдары, Музыка мектебі, Қалалық балалар шығармашылық мектебі, «Жұлдыз» студиясының шәкірттері, мектеп оқушыларынан жалпы 117 бала қатысты. Ал Арқалық қаласында челленджге 900, Амангелді ауданында 280 мектеп оқушысы атсалысты, – дейді Қостанай облыстық білім басқармасының бас маманы Қаламқас Қаратаева. – Бұл іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты – Наурыз мерекесі қарсаңында өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отырып, мереке қарсаңында күйдің қасиетін түсіндіру.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.