Амангелді ауданындағы Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» тақырыбында жарқын жүздесу кеші өтті.

Қазақта «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген жақсы тәмсіл бар. Бүгінде ұлт құндылығын сан қырлы әдіс-тәсілдермен жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оларды отансүйгіш, елжанды азамат етіп тәрбиелеу – отбасы мүшелері алдындағы үлкен жауапкершілік. Мектебімізде өткізген шараның мақсаты – жақсылықты, ізгілікті өлең-жырлары арқылы ауылымыздың мақтанышына айналған дарынды қаламгер, жас журналист ағаларының ізін кейінгі ұрпаққа өнеге тұтуға, мақтан етуге тәрбиелеу.
Кешке туған жердің түлегі, журналист, филология ғылымдарының магистрі Сералы Мырзабай мен оның әкесі Раман Мырзабайұлы және анасы Шолпан Жантуғанқызы шақырылды. Кеш барысында Сералының ата-анасы бала тәрбиесі жөніндегі ескерілуі керек дүниелер жайлы айтып берді. Мектеп қабырғасында 30 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан ардақты тұлғалардың ұрпақ тәрбиесі тұрғысынан тәжірибелері мол десек те болады.
Кездесу барысы еркін форматта ұйымдастырылғандықтан, жиынға қатысушы жоғарғы сынып оқушыларын Сералының журналистика бағытындағы тірліктері қызықтырды. Ол бүгінде Қостанай қалалық «Біздің Қостанай» газетінде редактор болып қызмет атқарады. Тілшілік қызмет қызығы мен қиындығы қатар жүретін сала екені мәлім. Өз кезегінде қатысушыларды қызықтырған сұрақтар аясында ол тілшілік қызметіндегі бастан кешкен оқтғалары жайлы баяндаған п берді.
– Журналистика – жүрек қалауым. Осы салаға баратынымды тек 11-сынып оқыған тұста шешім. Сол уақытқа дейін әкем мені экология саласында көргісі келді. Алайда, мектеп жасынан әдебиетке жақын болғандықтан, бағытымды өзгертуге бел будым. Бүгінде алдыңғы буын ағаларымыздан тәлім алып, осы саланың қызығы мен шыжығының ортасында қызмет істеп жүрміз, – дейді Сералы Раманұлы.
Мектепте оқыған шығында Сералы жас ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарды алып жүрді. Кеш барысында мектебіміздің жас ақындары кеш қонақтарына деген арнауларын оқып берді. Мектеп басшысы Арайлым Клышбаева кезінде білім ордасынан түлеп ұшқан Сералыға жылы лебізін білдіріп, еңбек жолына табыс тіледі. Ал кешке арнайы қатысқан Сералының ақындық жолға бет бұруына септігін тигізген ұстаздары Тынышкүл Ержігітова мен Жазира Құсайынова да шәкіртіне ізгі тілегін жаудырғанын да айта кеткен жөн.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында кеш қонағы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының 4 томдық кітабын мектепке тарту етті. Кеш барысы мектеп ішінен ашылған мұражайды тамашалумен жалғасты.
Сәндігүл СҰЛТАНОВА,
Құмкешу ЖББОМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Амангелді ауданы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».