Балабақшадағы тәрбиенің маңызды бөлігі – балаларға ұлттық дәстүрлерді үйрету және оларды құрметтеуге баулу. Дәстүрлерді дәріптеу арқылы балалардың патриоттық сезімін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуін қалыптастыруға болады.
Балабақшамызда Наурыз мейрамы, Көрісу күні, Тәуелсіздік күні сияқты ұлттық мейрамдарды ұйымдастыру арқылы балаларға халқымыздың салт-дәстүрлерін түсіндіруге болады. Салт-дәстүрлер – халықтың өмір сүру дағдысы, тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан туындаған құндылықтар жиынтығы. Олар атадан балаға мирас болып, ұлттың рухани байлығын арттырып, ұрпақ сабақтастығын жалғастырады.
Қазақтың әрбір дәстүрінде терең тәрбиелік мән жатыр: құрмет пен ізеттілік – үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ата-анаға қызмет ету; еңбекқорлық пен адалдық – төрт түлік малға қарау, қолөнермен айналысу, адал кәсіп ету; жомарттық пен қайырымдылық – мұқтажға көмектесу, қонақжайлылық таныту, батаны қадірлеу; тазалық пен тәртіп – дастархан әдебі, қыз бала тәрбиесі, отбасы ұйытқысы болу.
Балабақшамызда Наурыз мерекесін мерекелеу аясында 14 наурыз – Көрісу күні немесе Амал мерекесі аталып өтті. Ол – көктемнің келуін, жаңару мен қазақ халқының бауырмалдығын дәріптейтін дәстүрлі мейрам. Оған тәрбиеленушілердің ата-әжелері келіп, «Көрісу» дәстүрімен таныстырды. Балаларға Көрісу күнінің мәнін түсіндіріп, оларды бір-бірімен қол алысып, «Жасың құтты болсын!» деп амандасуға үйретті.
Қарт әжей «Тұсау кесу» рәсімін көрсетіп, балаларға тұсаукесердің маңызын, бұрыннан келе жатқан дәстүр екенін, оның балаға тілек білдіру мақсатында жасалатынын айтты. Мұндай іс-шаралар балаларға халқымыздың бай мұрасын танытып, ұлттық дәстүрлердің құндылығын ұғынуға көмектеседі. Сондай-ақ, балғындар қазақ халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіріп, өз мәдениетін мақтан тұтатын азамат болып өседі.
Гульдана УРКУМБАЕВА,
«Улыбка» б/б
қазақ тілі мұғалімі,
Лисаков қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.