Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында талантты оқушымыз Салтанат Тілегеннің жеке шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Ол «Digital art» форматында «Аниме» стилінде сурет салғанды ұнатады.
Шығармашылықты жанына серік еткен дарынды оқушымыз өзінің ғылыми жобаларын қорғап, көптеген Республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларда да топ жарып жүр. Салтанаттың көрмеге қойылған жұмыстарының қатарында, өзінің қолындағы «Маған қара» картинасын, одан бөлек «Жарқын күн», «Автопортрет», «Сүйіспеншілік пен Үміт», «Меруерт», «Түнектегі жарық» атты жұмыстарын атап өтуге болады.
Осы стильде кейіпкерлердің сыртқы келбеті, дизайны және тарихы ұнайтынын айтады жас қылқалам шебері. Оның жетекшісі – қосымша білім беру педагогі Баян Баталова және де өнер пәнінің мұғалімі Мархаба Махмутова. Ұстаздары сияқты, біз де жас дарынның болашағына үлкен үмітпен қараймыз және келешекте танымал суретші болуына тілектеспіз.
Әсел ҚИБАШ,
Қостанай қаласындағы
Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз хатшысы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.