Сан қырлы қаламгер әлеміне саяхат

Выпуск - №37(685)   :   03.10.2025
226

1

Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Kitap Time-2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында ерекше әдеби кеш өтті.

«Сан қырлы қаламгердің әлемі» атты бұл кездесудің құрметті қонағы – ақын, драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Абылай Мауданов болды. Абылай Фазылханұлы үшін туған жер – шығармашылықтың бастау бұлағы. «Көкалат» тақырыбына арналған әңгімесінде ол балалық шақтағы әсерлердің өлеңде әспеттеліп, өмірлік шабыт көзіне айналғанын атап өтті. Кеш барысында поэзия, сахналық қойылымдар, би мен ән тоғысып, рухани мерекеге айналды.
Жас өнерпаздардың орындауындағы халық әндері мен ұлттық би көріністері кештің сәнін кіргізсе, студенттердің сахналаған «Бала Абылай», «Сұхбат па, сыр ма?» және «А кто ты?» атты қойылымдары көрермен көңілінен шықты. Әсіресе, ақынның туған жерге арналған жырлары мен сатиралық шығармалары жастар жүрегін баурағаны сөзсіз. Әдеби кеште қаламгер өзінің шығармашылық жолындағы белестер туралы сыр шертті. Ол еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, журналистика, телевизия, театр мен баспасөз саласында өткенін атап өтіп, осы алған тәжірибесі оның қаламын шыңдап, шығармашылығына серпін бергенін дәлелдеді.
Журналистік қызмет кезіндегі қызықты оқиғалар мен сахнаға шыққан драмалары жайлы әсерлі естеліктерімен бөлісті. Жюль Верннің «Әлемді 80 күн ішінде шарлау», «Мюнхаузен хикаялары» сынды классикалық шығармаларын қазақ тіліне аудару барысында алған тәжірибесін баяндап, әдеби тәржіменің қыр-сыры туралы ой қозғады. Көрермен қауым тарапынан қойылған сұрақтарға да қаламгердің шынайы жауап беруі, еркін пікір алмасуы рухани жақындастықтың көрінісі. Кешке келген әдебиетсүйер жастардың айтуынша, бұл кездесуден олар үлкен рухани азық алып, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттырған. Жиналған қауым «ақын сөзінің әр жолы – жүректен шыққан шындық» екеніне көз жеткізді.
Сөз соңында ұйымдастырушылар мен оқырман қауым қаламгерге алғысын білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті. Көрермен көңілінде ерекше әсер қалдырған кеш ақын сөзіне жазылған әнмен аяқталды. «Сан қырлы қаламгердің әлемі» атты кездесу – әдебиет пен өнердің, тарих пен бүгінгінің тоғысқан тұсы. Осынау іс-шара жастарды шығармашылыққа баулып, рухани мәдениетіміздің құндылығын айшықтап бергендей болды.

Аружан АНИСОВА,
Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
Қостанай өңірлік университетінің
3-курс студенттері

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.