Сахна мен көрермен арасындағы көпір

Выпуск - №20(668)   :   30.05.2025
465

IMG-2955

Жақында Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры көрерменге ерекше кеш сыйлады. Сахна төрінде Әзілхан Нұршайықовтың жүрекке жылы шығармасы – «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымы ұсынылды.

IMG-2954

Ербол мен Меңтайдың хаттары арқылы өрбіген бұл хикая – жастық пен махаббаттың, тағдыр мен арманның күрделі бірақ шынайы көрінісі. Көрермен жүрегін тербеген қойылым сахна мен зал арасын бұрынғыдан да жақындатқандай болды.
Театр ұжымы бұл кеште жаңа бастаманың шымылдығын ашып, «Театр және көрермен» атты айдар өз жұмысын бастады. Енді әрбір қойылымнан кейін театр актёрлері мен көрермен ашық диалогқа шығып, қойылым туралы ой бөлісіп, мазалаған сұрақтарға жауап іздейтін болады. Бұл – көрерменмен рухани жақындасуға бағытталған тың эксперимент.

IMG-2953


Кеш соңындағы әсерлі пікір алмасулар мен жылы жүздесулер – бұл жобаның маңыздылығын айқындап берді. Театр – өмір айнасы десек, көрермен – сол айнадағы жанар. Екеуінің үндестігі енді жаңа деңгейге көтерілмек.

Аружан АНИСОВА,
ҚӨУ студенті, суретті түсірген
Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.