Әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайтын орда – театр. Балабақшамыздың тәрбиеленушілерімен қаламыздағы Облыстық орыс драма театрында қойылған «Суперқоян» ертегі-комедиясын тамашалап қайттық.

Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Шәкен Айманов: «Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері – тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес», – деген болатын. Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруда театрдың орны ерекше.
Балабақша қабырғасында балалар түрлі ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнауды, қойылымдар қоюды меңгерген. Сол арқылы балалардың сөздік қорларын, түрлі қабілеттерін дамытамыз. Сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенімділік артып, алғаш рет сахнадан бірқатар эмоцияларды сезіне алады. Қалай десек те, театр – балалар үшін мереке, демалыс орны. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытатын ордаға қаламызда карантин уақыты басталып кеткенше барып үлгергенімізге риза болдым.
Театр ұжымы біздің бүлдіршіндерге барлық жағдайды жасап, жылы шыраймен, керемет көңіл-күймен қарсы алды. Театр ішінде барлық қауіпсіздік шаралар сақталды. Көрермендердің барлығы жайғасып болған соң, «Суперқоян» қойылымы бірден басталып кетті. Балалар театр қабырғасында өздерін тәртіпті ұстап, ізгілік пен мейірімділік қырларынан танылды. Театр әртістері шеберлікпен балалардың көңілдерін көтеріп, бүлдіршін көрермендердің ықыласына бөленді. Қойылым аяқтаған соң, балалармен естелікке суретке түсіп, театр ішімен таңыстық.
Динара ЕСЛЯМОВА,
№5 «Гүлдәурен» б/б
тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Динара ЕСЛЯМОВА,
№5 «Гүлдәурен» б/б
тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.