Науырзым жалпы білім беретін мектебінде «Бір әкенің тәрбиесін мың мектеп те бере алмайды» атты тақырыпта «Ән шуақ» үйірмесінің жетекшісі Какимжанов Медет Бейбітұлының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.
Өткен жылдың қараша айында ғана ашылған үйірмеге 1–4-сыныптардан әнге қабілеті бар 10 оқушы қатысады. Бұл іс-шараның алдында Медет Бейбітұлы бүлдіршіндерді алғаш рет бастауыш сыныптар арасында өткен Жаңа жылдық шырша мерекесіне дайындап, олардың әрқайсысын жеке әнмен сахнаға шығарған еді. Балалардың өнерге деген ынтасы жаман емес.
Бұл – кішкентай әншілеріміздің екінші қадамы. Алғашқысына қарағанда, бұл жолы олардың сахнада өздерін ұстауы әлдеқайда сенімді. «Өнерлі өрге жүзеді» демекші, бүлдіршіндер бұл жолы жүректерінен шыққан әндерін отбасының тірегі, өмірдегі қорғаны, сүйеніші – әкелеріне арнады. Концертке арнайы келген әкелер балаларының өнерін тамашалады. «Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар» дегендей, балалар өз махаббатын әкелеріне әнмен жеткізе білді. Мерекелік кешке арнайы шақырылған қонақтар, мектеп ұжымы мен ауыл әкімшілігінің өкілдері қатысып, өнерлі балаларға ақ тілектерін арнады.
Талант – өнер атаулы ақылымен үйлескенде шын мәнінде жарқырай түсетін қасиет. Демек, мектебіміздің жас өнерпаздарының бойында аталмыш қабілет бар. Сол талант пен өнерді ашуға мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Медет Бейбітұлы септігін тигізуде. Жас дарындардың өнер жолында қанаттарының қатаюына себепкер болып отырған ұстаздарына ата-аналар атынан алғыс айтып, шәкірттері биіктен көрініп, еңбегінің игілігін көруін тілейміз.
Асия ТАПАЛОВА,
Науырзым жалпы
білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.