Осындай тақырыпта Н.Островский атындағы қалалық кітапханада Наурыз мейрамына орай іс-шара ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні он күн бойы тойланатынына кітапхана оқырмандары қуаныштарын жеткізді.

«Шежіре күні» болып наурыздың 16-сы бекітілгенін ескерген кітапханашылар шелпек пісіріп, жиналған көрерменге ауыз тигізіп, бір бөлімді «Туысым, түп-тамырым, қазығым» деп атады. Шежіресін білетін жандарға арналған бұл бөлімде жас оқырмандар жеті атасын жіктеп, айтып берді. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Бахыткүл Әлсейітқызы қазақ халқының мәдени мұрасы, өнеріміздің төл туындыларынан көрме ұйымдастырып, көрермендерге ұлттық қолөнер жайлы әңгімелеп берді.

Атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан қазақтың тойында жасалатын кәде-жоралардың бірі – «Тойбастар» дәстүрімен ән салып бастаған ақ жаулықты апаларымызға тойдан тобықтай тартулар үлестірілді. Кітапхана ішіндегі «Тұмар» өнерлі жастар клубының мүшелері «Ұлттық таным, ұлттық дәстүр» бөлімінде «Қамшы қайтару», «Біз шаншу», «Шүлен тарату» атаулы ұмыт болып бара жатқан ежелгі дәстүрлерді жаңғыртып, шағын қойылымдарды жиналған көрермен назарына ұсынды. «Кермек дәм» атаулы ұлттық тағамдар айдарында жүргізушілер кітапхана қонақтары болған «Жанұя» отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында Наурыз көжеге қосатын қоспаларды жұмбақ жасырып, мақал-мәтелдің жалғасын тауып анықтады.
.jpg)
Жастарды үнемі кітап оқуға баулып жүретін кітапханашылар мерекелік бағдарламаның «Мәртебелі поэзия мінбері» бөлімінде оқырмандарды өлең-жырдан сусындатты. Көптің алғысын алу амалы ретінде «Шүлен тарату» дәстүрімен барлық қонақтарға іс-шара соңында ұлттық тағамдардан дәм үлестірілді. Кітапхананың құрметті оқырманы Іркітбай ата кітапхана шаңырағына жиналған барша оқырманға: «Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын», – деген адалдық ақ ниет, ақ тілек, ақ батасын берді.
Ботакөз ДҮЙСЕМБАЕВА,
Н.Островский атындағы
орталық қалалық
кітапхана қызметкері,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.