Сөз құдіреті – ұлттық рухтың айнасы

Выпуск - №45(741)   :   27.11.2026
79

Сөз құдіреті ұлттық рухтың айнасы (1)

Көркем сөзді жүрекпен сезініп, тыңдаушының көңіліне жеткізу – үлкен өнер. Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы жанындағы «Ғибрат» сөз өнері үйірмесінің ұйымдастыруымен «Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Сөз құдіретін ұғынатын, өлеңнің өрнегін сезінетін, әдебиеттің асыл мұрасын ардақтайтын жас дарындарды таныту мақсатында ұйымдастырылған байқауға қала мектептерінен 38 үміткер қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген қатысушылар өз таңдаулары бойынша белгілі қазақ ақындарының жауһар туындыларын, отансүйгіштік, адамгершілік, туған жер, ана тілі, елдік пен ерлік тақырыптарындағы шығармаларын мәнерлеп оқыды. Әр қатысушы шығарманың мазмұнын терең түсініп, автордың айтар ойын дауыс ырғағы, интонация, сезім мен сахналық шеберлік арқылы жеткізуге ұмтылды.
Қазылар алқасы қатысушылардың шығарма таңдау ерекшелігін, мәтінді көркем жеткізуін, дауыс мәнерін, дикциясын, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігін бағалады. Байқау жас дарындардың өз қабілеттерін танытуына, тәжірибе алмасуына және поэзияға деген қызығушылығын арттыруына мүмкіндік берген шығармашылық алаңға айналды. Әрбір қатысушының орындауынан туған тілге деген сүйіспеншілік, әдеби мұраға құрмет пен өнерге құштарлық айқын сезілді.
Іс-шара соңында байқау қорытындысы бойынша әр жас санатында Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ал қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге Алғыс хаттар табысталды. Осылайша ұлттық әдебиетті ұлықтау, ана тілінің мәртебесін асқақтату, жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту жолындағы маңызды мәдени-танымдық іс-шара өз мәресіне жетті.

Салтанат ЖИЕНБАЕВА,
Қосымша білім беру педагогі,
педагог-зерттеуші,
Арқалық қаласы

Реклама

Вот уже семь лет я тесно сотрудничаю с областной газетой «Учительская плюс». Могу с уверенностью сказать, что это одно из самых подходящих изданий не только для педагогов, но и в целом для всех работников сферы образования. Для меня особенно ценно то, что подписавшись на газету, я как полноценный журналист могу освещать все интересные события, которые проходят в нашем Центре дополнительного образования. Мы всегда получаем своевременный отклик на наши письма. За этим, конечно же, стоит огромный труд всего коллектива «Учительской плюс». Хочу пожелать газете процветания, благодарных читателей и сохранения своего неповторимого стиля!

Для меня счастливо сплелись преподавание русского языка и литературы в школе и возможность проявить себя в журналистике. Работая со словом, я на страницах газеты могу выразить свои мнения, размышления, впечатления, поделиться достижениями коллег, учеников. Освещаю активную профсоюзную деятельность в образовательной сфере города Рудного. С удовольствием пишу и о спортивных мероприятиях, потому что сам неравнодушен к спорту. И очень приятно, что мои творческие порывы находят признание и в редакции, и у читателей «Учительской плюс».