«Рудныйдың ОКЖ» Мемлекеттік тілдегі кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ұлтымыздың көрнекті жазушысы – Тәкен» атты әдеби конференция ұйымдастырылды.
Қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеушісі Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған әдеби конференцияға «Кездесу» клубының мүшелері, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 «А» сынып оқушылары және кітапхана қызметкерлері белсене қатысты. М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің ұстазы Қасқырбаева Эльмира Сейлбекқызы жазушының прозалық және публицистикалық мұрасына байланысты мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шара барысында зейнеткер ұстаз Сүндет Молдашов және әдебиет жанашыры Жаңбыршы Тілеуқабылов ағайлар Тәкен Әлімқұловтың қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екенін атап айтты. Оқушылар жазушы шығармаларынан үзінділер оқыса, кітапханашы «Тәкеннің асыл мұрасы» атты арнайы кітап көрмесіне де шолу жасады. Конференцияда «Сөз өнерінің сырбаз шебері», «Тәкен тағылымы» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ жазушының «Қараой», «Сейтек сарыны», «Кертолғау» сияқты танымал шығармалары талқыланып, деректі бейнеролик көрсетілді.
Осылайша, бұл конференция – қазақ әдебиетінің терең тамырын танытып, оны насихаттауға арналған тағылымды жиынға айналып, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, жас ұрпақты сөз зергерлерін бағалауға тәрбиелеуге үлес қосты. Ал жазушы шығармаларындағы ұлттық рух, тарихи сана мен көркемдік биіктік конференция өзегіне айналды. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға «Алғыс хаттар» табысталды.
Жанагүл УРГАНЧБАЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхананың кітапханашысы,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.