Қостанай қаласын ерекше серпінге бөлеген дәстүрлі «Студенттік көктем-2025» фестивалі биыл да жарқын әсерлермен есте қалды. Мерекелік іс-шара өңіріміздегі жоғары оқу орындарының ең үздік, ең өнерлі, ең белсенді студенттерін бір арнаға тоғыстырды.
Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар Рухы» белсенділерінің бірлескен еңбегімен жүзеге асқан фестиваль студенттік белсенділікті арттыру және жас ұрпақты мәдени-рухани ортаға бейімдеу мақсатын көздеді. Екі күн бойы қала жас таланттардың, спортсүйер жандардың, ойы терең студенттердің ордасына айналды.
Таңнан кешке дейін шағын футбол, волейбол, баскетбол алаңдарында қызу тартыс. Ал триатлон саябағындағы зияткерлік квест пен пікірсайыс турнирінде – ақыл мен дәлелдің тартысы. Қатысушылар тек жеңіс үшін емес, бір-бірімен тәжірибе алмасу, достық байланыс орнату үшін де барын салды. Дегенмен, нәтижесінде баскетболда бірінші орынды ЧелМУ Қостанай филиалы жеңсе, волейбол мен футбол додасында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің командалары топ жарды. Ал Арқалық педагогикалық университеті интеллектуалдық квестте үздік атанса, пікірсайыста қазақ және орыс лигаларында ҚӨУ студенттері озды. Әр студент өз қабілеттерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік алып, өз саласында жарқырап көрінді.
Фестивальдің маңызды бөлігі – гала-концерт. Әр университет өз дарынын паш етіп, жиналған көрермендерді нағыз өнер мерекесіне бөледі. Әрбір нөмір – жеке бөлек бір хикая іспетті. Әсіресе М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Жить» әніне қойылған сахналық қойылымы көрермендердің жүрегін елжіретіп, көздеріне жас үйірді. Профессорлар мен студенттердің бірге өнер көрсетуі – нағыз бірлік пен жылулықтың көрінісі.
Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер марапатталып, барлық оқу орындары 400 мың теңге көлемінде ақшалай сертификатпен және Алғыс хаттармен марапатталды. ҚИнЭУ студенттері волейбол мен квесттен жүлдегер атанып, университет абыройын барынша асқақтата түсті. «Студенттік көктем-2025» – тек фестиваль ғана емес, жастардың рухы мен бірлігінің, дарын мен шабыттың жарқын көрінісі болды.
Аружан АНИСОВА,
Аикен ДАУЛИБАЕВА,
ҚӨУ студенттері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.