Бойжеткен қыздарымызға тағылымды тәлім-тәрбие беру мақсатында Қостанай ауданындағы Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясында «Қыз намысы – ұлт намысы» тақырыбында «Сырғалым» қыздар клубының іс-шарасы өтті.

Қыздар тәрбиесіне атсалысқан Қостанай қаласындағы «Қазақ аналары» республикалық ҚБ төрайымының орынбасары Райхан Абдигамидова мен республикалық ҚБ кеңесшісі Ұлжібек Сейдалина қонақ болып, қыз балаларға ақыл-кеңестерін айтты. Сондай-ақ, ұл-қыздарымызды дүниеге әкелген, түн ұйқысын төрт бөлген аналар – Қымбат Калиева, Венера Бахитжанова, Анаргуль Аргынгазина бойжеткен қыздарымызға Бас беру тәртібі туралы, табаққа сүйек ұсыну әдебін айтып көрсетті. Бойжеткен қыздарымыз қамыр иелеу мен жаюды осы аналарымыздан үйренді.
Артынша қонақ күту жолдарымен қатар қонақ түрлерімен танысты. Мысалы, қылқима қонақ дегеніміз – түтіні түзу шыққан үйді аңдып жүрген сұғанақ, сүйкімсіз қонақ. Қыдырма қонақ – ерігіп, желігіп, үйден-үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ. Қадірлі қонақ – арнайы-алыстан арнайы келген, жақын туған-туыс, сүйікті дос, жақсы жолдас. Құдайы қонақ – өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде адам. Ерулік – қонақасы-көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақ. Ал, үйге қонақ келіп жатқанда, үй иесі қуанышты хабар алса, келген қонақты «құтты қонақ» деп атаған. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген нақыл сөз содан қалса керек.
Іс-шара жалғасын тауып, Жадыра Болатбековна, Жанагүл Балсүліковна, Жанна Айткалиевнаға жеңгелер ауылында қыздар мәселелерін айта біліп, сырласты. Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлгені туралы айтты. Мәдениетті сөйлеуге тәрбиеледі. Төртінші ауылда – құрбылары ретінде жас маман Көркем Сапарғали, Айгерім Төкен мен Жанна Истаева шаш күтімін, бет күтімі және жағымсыз иістердің алдын алу жолдары туралы айтып өтті. Жалпы, ұлттық құндылыққа толы іс-шара өз деңгейде өтті. Соңында қыздарымыздан кері байланыс алып, келесі іс-шарада не білгілері келетіндігі туралы өзімізге түртіп алдық.
Гаухар РАХИМОВА,
Н.Наушабаев атындағы
мектеп-гимназиясы
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.