Жастар ресурстық орталығында Мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелібай өлкесінің мақтанышы, ақын, ұстаз Дінбай Дабылдың жарқын бейнесі мен өшпес мұрасын ұлықтауға арналған «Тағдыр таңбасы» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.
Ақынның рухына тағзым етіп, оның жүрекжарды жырларын кейінгі ұрпаққа аманаттауды мақсат еткен тағылымды кеш ерекше рухани әсерге бөленді. Жиынға ақынның туған-туыстары, замандастары, зиялы қауым өкілдері, сонымен қатар студенттер мен оқырмандар қатысып, ақын туралы естеліктерімен бөлісті.
Кештің мән-мазмұнын арттырған айтулы сәттердің бірі – Алматы қаласынан арнайы келген ақынның ардақты жары Бақытгүл Кәрібайқызы Сәдуахасова мен оның ұлы Тәуелібай өлкесінің дәстүрлі жыршылық мектебін насихаттаушы Сәбит Дінбайұлының қатысуы болды. Сондай-ақ шараға өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Қостанай таңы» газетінің тілшілері мен жергілікті телеарнаның түсірілім тобы келіп, ақынның отбасы мүшелерімен сұхбаттасып, кештің маңызды сәттерін таспаға түсірді.
Кездесу барысында ақынның замандастары мен ізін жалғастырған іні-қарындастары Дінбай Дабылдың азаматтық болмысы, ұстаздық ұлағаты мен ақындық қарымы жайында жүрекжарды естеліктерін ортаға салды. Олардың әңгімелері ақынның адамдық болмысын терең таныта түсті. Кештің көркемдік мазмұнын ұлттық өнермен сабақтастырған «Алтын домбыра» өнерпаздары халыққа кеңінен танымал «Ертұран», «Еркесылқым» күйлерін орындады. Ал іс-шараның ең тебірентерлік сәті – ақынның ұлы, дәстүрлі жыршы Сәбит Дінбайұлының өнер көрсетуі болды. Әке жолын қуып, дәстүрлі жыршылық мектептің өнегесін дәріптеп жүрген ол әкесінің термелері мен жырларын нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болған тағы бір әсерлі сәт – мектеп оқушыларының ақын шығармаларынан әзірлеген поэзиялық композициясы еді. Жас өрендер Дінбай Дабылдың жырларын жатқа оқып, ақын сөзінің бүгінгі ұрпақ жүрегінен де орын тапқанын көрсетті. Өлеңді өміріне серік еткен жастардың бұл қадамы ақын мұрасының уақыт өткен сайын жаңғырып, жас ұрпақпен бірге жасай беретінін аңғартты. Кеш соңында белсенділік танытқан оқушыларға ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар табыс етілді.
Тұсаукесері өткен «Тағдыр таңбасы» жинағы – ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізетін құнды еңбек. Кітап арқылы Дінбай Дабылдың өмір жолы, ақындық әлемі мен азаматтық болмысы қайта жаңғырып, оқырманға жол тартады. Ақынның артында қалдырған сөзі – уақытпен бірге көмескіленбейтін рухани мұра. Жыр болып жүрекке жазылған бұл тағдыр таңбасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ел жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
Гүлбараш УАЛИЕВА,
Мемлекеттік тілдегі кітапхана меңгерушісі,
Рудный қаласы
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.
Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.