Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ мұрындық болуымен және корейлік этномәдени бірлестігінің ат салысуымен ауқымды мерекелік концерт өтті.
Шара Алғыс айту күнінің 5 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Түптеп келгенде бұл қос дата бір-бірімен тығыз байланысты. Тарихи негізі бар Алғыс күні – еліміздегі айтулы мерекелердің бірі. Қоғамның сұранысы мен өмір талабынан туындаған мейрам қазақстандықтардың бір-біріне деген ілтипатын білдіреді. Оны Қазақстан халқының ортақ тарихымызға тағзым ету күні десек те болғандай. Себебі Ата Заңымыздың кіріспесінде: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы..», – делінген. Ал енді осы күнді қайырымдылыққа бейімдеп, бір-біріне көмек қолын созу күнінің бірі десек, артық айтпаған болар едік.
Мерекелік шара өткізілген Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияға кірген бетте қазақстандықтардың қонақжайлығы сезіледі. Келген қонақтарды қазақтың ұлттық киімін киген қыздар әр түрлі бауырсақтарды ұсынып қарсы алды. Атап өтсек, қонақтар өзбектің, қырғыздың, татардың, қалмықтар мен моңғолдардың бауырсақтарынан дәм татты. Мерекеге орай 40 келі бауырсақ әзірленіпті. Ал концерттік залдың алдында қылқалам шеберлерінің елімізде тұратын ұлт өкілдерінің бірлігін айғақтап, олардың салт-дәстүрлерін көрсететін суреттер көрмесін тамашалауға болады.
Мерекеге арналған іс-шара тарихқа негізделген сахналанған қойылымнан бастау алды. Онда сұрапыл жылдарда елімізге еркінен тыс қоныс аударуға мәжбүр болған өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алған қазақ халқының кеңпейілділігі мен қонақжайлығы көрініс тапты. Сахналық қойылым аяқталысымен ортаға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов шығып, мейрамның мән-маңызына тоқталып өтті.
– Қостанай облысында бұл күндері 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Заманауи Қазақстанда мекендейтін этностардың тарихи тағдыры халқымыздың менталитетіне оң әсер етті, оның өмірлік көрінісі барлық этностар үшін ортақ құндылықтар мен идеалдарды қалыптастырды. Сондықтан біз тарихымызға мақтанышпен және терең құрметпен қараймыз. Алдағы уақытта да бейбітшілік пен келісімді сақтауымыз керек, – дей келе мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық пен бақ-береке тіледі.
Артынша сөз сөйлеген «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльбрус Тимаев жүрегінің теңдей екіге бөлінгенін айтып, біріншісі тарихи Отаны – Шешенстанға, екіншісі – мәңгіге Қазақстанға тиесілі екендігін атап өтті. Мереке барысында әр түрлі ұлт өкілдерінің киімін киген өнерпаздар би билеп, әннен шашу шашты. Бұның бәрі елімізде орнаған бірлік пен татулықтың көрінісі іспетті.
– Қаншама ұлт пен ұлыс өкілдері қиын-қыстау кезеңдерде өз еркімен емес, күшпен, зорлықпен Қазақстанға қоныс аударғанда аңыраған жас балалар, еңсесі түскен қариялар, намысы тапталған ер азаматтар қанаттарын қақты. Осы жерден нәр алды. Неге? Себебі біздің аталарымыздың жүзінде иман, әжелеріміздің аузында «обал» деген сөз болды. Өз жағдайларының қиындығына қарамастан, барымен бөлісті, соның ішінде баға жетпес жүрек жылуымен бөлісті. Бұл – қазақ халқының дархандығы мен кеңпейілділігі. Алғыс күнінің ауқымы кең. Себебі бұл – басқа ұлттардың қазақ халқына ғана емес, қазақ халқының да басқа ұлт өкілдеріне алғыс айтатын күні. Неге десеңіз, біздің көпсалалы қоғамның қай тармағы болмасын, көптеген этностың өкілдері ортақ Отанымыз Қазақстан игілігі үшін еңбек етіп жатыр. Қазақ халқының көпэтносты болып қалыптасуы – біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз, – деді бізбен әңгімесінде қоғам қайраткері Қалқаман Жақып.
Кеш соңында қостанайлық көрермендерге Қазақстан халқы Ассамблеясы Әнұранын оның авторы және «SuperStar.kz» жобасының бірінші маусымының финалисті Роман Ким орындап берді. Артынша қаламыздың 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен өткен ауқымды флешмоб мерекені түйіндеді.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».