Тарихпен тілдескен «Тағдыр»

Выпуск - №45(741)   :   27.11.2026
71

Тарихпен тілдескен Тағдыр (1)

Ұлт тарихын ұлықтап, әдеби мұраны дәріптеу мақсатында «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабының беттері бойынша» атты әдеби микс ұйымдастырды.

Тарихпен тілдескен Тағдыр (2)

Әдеби іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды көрнекті қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, қаламгердің «Тағдыр» романының жазылу тарихы мен көркемдік маңызына тоқталды. Шығармада көрініс тапқан екі империяның мемлекеттік шекарасымен бөлінген қазақ халқының күрделі тағдырына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушылар романнан үзінділер оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Шығарманың негізгі тақырыптарын талқылап, мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әдеби пікір алмасу арқылы оқырмандар туындының тарихи мазмұнына тереңірек үңіліп, оның көтерген мәселелерін саралауға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында қатысушылар назарына жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қабдеш Жұмаділов – қазақ прозасының саңлағы» атты тақырыптық кітап сөресі ұсынылып, оған шолу жасалды.
«Тағдыр» романына арналған әдеби микс оқырмандардың ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылығын арттырып, ұлт тарихы мен халық тағдырын көркем шығарма арқылы тануға жол ашты. Өйткені әдебиет – өткеннің өнегесін бүгінге жеткізіп, ұрпақ жадында тарих пен рухани құндылықтарды сақтайтын асыл қазына.

Айнагүл УТЕБАЕВА,
«Дорожный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Вот уже семь лет я тесно сотрудничаю с областной газетой «Учительская плюс». Могу с уверенностью сказать, что это одно из самых подходящих изданий не только для педагогов, но и в целом для всех работников сферы образования. Для меня особенно ценно то, что подписавшись на газету, я как полноценный журналист могу освещать все интересные события, которые проходят в нашем Центре дополнительного образования. Мы всегда получаем своевременный отклик на наши письма. За этим, конечно же, стоит огромный труд всего коллектива «Учительской плюс». Хочу пожелать газете процветания, благодарных читателей и сохранения своего неповторимого стиля!

Для меня счастливо сплелись преподавание русского языка и литературы в школе и возможность проявить себя в журналистике. Работая со словом, я на страницах газеты могу выразить свои мнения, размышления, впечатления, поделиться достижениями коллег, учеников. Освещаю активную профсоюзную деятельность в образовательной сфере города Рудного. С удовольствием пишу и о спортивных мероприятиях, потому что сам неравнодушен к спорту. И очень приятно, что мои творческие порывы находят признание и в редакции, и у читателей «Учительской плюс».