Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде келушілер назарына ерекше археологиялық жәдігер – ежелгі сүйек конькилері қойылды. Табиғи материалдан жасалған көне конькилер – ежелгі адамдардың өмір салтынан сыр шертетін маңызды артефакт.
Ақпараттық стендте әртүрлі халықтар арасында коньки жасау үшін қолданылатын материал түрлері мен бекіту әдісі туралы қысқаша ақпарат ұсынылды: «Коньки – адамзаттың ежелгі өнертабыстарының бірі. Ағаштан ойып немесе жануарлардың сүйегінен қырлап жасайды және бәтенкеге бекітіледі, коньки мұз айдынының бетімен жылдам қозғалуға мүмкіндік береді. Алғашқы конькилер көбінесе жылқы сүйектерінен жасалды, бірақ қолжетімділігіне қарай басқа сүйектер де қолданылды. Сүйектердің ұштарына тесіктер жасалған, оларға бекіткіш қызметін атқарған былғары белдіктер тағылған. Ертеде адамдар мұндай конькилерді қатып қалған өзендер мен көлдердің мұздарында сырғанау үшін қолданған».
– Коньки – адамзаттың ежелгі өнертабыстарының бірі. Олар 1982 жылы Бестамақ қонысынан табылған. Бұл қоныс Ойыл ауданында, Шилі елді мекенінің маңында орналасқан. Қоныста әртүрлі тарихи дәуірлердің, атап айтқанда, тас дәуірінің (неолит), қола дәуірінің және ерте темір дәуірінің іздері бар. Біздің болжауымызша, бұл конькилер біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдыққа жатады. Олардың табан жағында көптеген параллель сызықтар кездеседі, бұл сырғанау кезінде сүйектің қолданылғанын көрсетеді. Конькилер түтікше сүйектерінен жасалған, ішінде байлау үшін тесіктер бар. Бұрын халықтар коньки жасау үшін әртүрлі материалдарды қолданған. Мысалы, олар морждың азу тістерін, бамбук секілді өсімдік сабақтарын пайдаланған», – дейді тарих, археология және этнография бөлімінің ғылыми қызметкері Алина Колбина.
Коньки тебуді ұнататын Заречный ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Санжар Нұрабаев ойын былайша жеткізді: «Мен үшін коньки тебу – тек спорт емес, бұл менің хоббиім әрі ерекше эмоцияларды сезінетін сәт. Ал осы көне жәдігер туралы естігенімде ерекше қызығушылығым оянды. Бұл жәдігердің тарихы, шынында да, таңғаларлық. Тіпті, оларды сүйектен жасап, түрлі тесіктер мен байлау жүйесін ойлап табуы да сол кезеңдегі адамдардың шеберлігін көрсетеді».
Коньки тебу – бұл тек спорт емес, сонымен қатар ауқымды мәдениет пен өмір салтының бір бөлігі. Ол физикалық белсенділікті, төзімділікті және координацияны дамытады, сонымен қатар адамды табиғатпен жақындастырады. Коньки тебу – жүрекке жақын хобби болса, бұл жәдігер – тарихымыздың ерекше бір бөлігінен сыр шертеді.
Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.