Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, мүсінші Әбілбек Ұзақұлының тағылымды тағдыры һақында «Тас түлеткен талант» атты кітап жарық көрді.

Мүсіншілік өнерді өмірінің бір бөлшегіне айналдырған, әкесінің ізбасары Сапарбек Әбілбекұлының және Нұржан мен Нұрлан Әбілбекұлдарының демеушілігімен жарық көрген тарихи туындының тұсаукесері Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында өтті. Жинақ Торғай өңірінен шыққан алғашқы мүсіншінің ғұмыр жолы мен шығармашылық мұрасына арналған.

Тұсаукесер барысында Кәки Шәріпұлы, Жәнібек Ғапбасұлы, Сакен Әбсадықұлы, Бимырза Нұрсейтұлы, Мұхамбетрахым Спандиярұлы, Балу-маржан, Інжу-маржан Әбілбекқыздары естеліктерімен бөлісіп, Әбілбек Ұзақұлының ұрпаққа өнеге болған ұлт тарихындағы игілікті істері жайлы ой тарқатты. Замандас бауыры, досы Кәки Шәріпұлы мүсінші жайлы:
– Әбілбектің шебер қолынан шыққан талай тарландардың мүсіні Қостанай өңірінің төрінен орын алған. Арқалық қаласы әкімдігінің алдында тұрған Аманкелді батырдың ескерткішінен бастап, Шақшақ Жәнібек, Жәуке, Кейкі батырлардың, Ахмет Байтұрсыновтың, Амангелді ауданынан шыққан он бес Социалистік Еңбек Ерлерінің, жазушы Ақан Нұрманов пен өнер тарланы Төкен Елтебаевтың мүсіндері тұрған жерлеріне ерекше сәулет беріп тұр. Әбілбек Ұзақұлы атақ пен мансапқа құмар емес еді, адал еңбекпен ел тарихында өзіндік ізі қалды, – деп үлкен толғаныспен еске алып, тағылымды шарада бас қосқандарға үлгі болар ерен еңбегімен бөлісті.
Келесі болып сөз алған Жәнібек Ғапбасұлы: «Дана халқымыз «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп бекер айтпаған болар. Бірге емес, көпке қызмет еткен, өзі тұрған үйінің жанындағы №10 орта мектепке атын берейік», – деп қалың көпшілікке ұсыныс тастады.

Шын мәнісінде, мүсіншінің зор еңбегін бағалай отырып, ауылдың, мектептің, ауданның атын берсек, жас буынға үлгі болар еді. Ел тарихындағы алтын қазына – өнер тарланының еңбегін елеп, електен өткеріп жатсақ, ол баршамызға да мерей ғой. Өнердің бағын бағамдай білетін, қолында билік тізгіні бар ағаларымыз да алдағы уақытта осыны ескерсе игі.

Кітап тұсаукесерінен соң мүсінші Әбілбек Ұзақұлының рухына құран бағышталып, ас берілді. Ұлт жанашырының сіңірген еңбегі мен халықтың руханиятына қосқан үлесі өлшеусіз. Ардақты тұлғаның өміршең туындылары халқымен бірге мәңгі жасай бермек.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Жастар ісі жөнінідегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!