Тіл жанашырлары бас қосты

Выпуск - №17(565)   :   05.05.2023
659

Қостанай қаласындағы №15 жалпы білім беретін мектебінің қабырғасында Тобыл-Торғай тіл жанашырларымен әдеби кездесу өткізілді. Іс-шараға республикаға танымал жерлестеріміз қатысып, тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Қазақ елі тәуелсіздік алып, көк туын көгіне көтергеніне отыз жылдан астам уақыт өтсе де, мемлекеттік тіл мәселесі әлі күнге дейін өзінің оң өзгерісін бермей отыр. Бастапқыда ана тілімізде сөйлейтін адам саны аз десек, бүгінде 19 миллионнан астам халқымыздың 70-ға пайызға жуығы қазақ ұлттынан болса да, мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясы кеңеймей отырғаны көңіл қынжылтады. Осы және өзге де мәселелерді ескере отырып, мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Әбутәліп Әмір, Қыдырбек Қиысханұлы, Заңғар Санай, Марғұлан Оспанов, Абылай Мауданов, Нәзира Жәрімбетова, Мешіт Ғазизұлы сынды ҚР Жазушылар Одағының мүшелері, ақындар мен журналистер қатысты. Әдеби кешке «Үндестік» облыстық жобасын жүзеге асыру мақсатында оқушылардың ата-аналары да шақыртылды.

Кеш барысында мектебіміздің оқушылары қонақтарға арнап «Ана тілі» атты сахналық қойылым ұсынып, күмбірлете күй тартып, мың бұрала би билеп, ана тіліміздің жастар арасында, отбасыда маңызының жоғары екенін таныта білді. Әдеби кеш арқылы білім алушылардың ана тіліне деген махаббатын арттырып қана қоймай, Тобыл-Торғай өңірінің зиялы қауымының бір бөлігімен таныстыра алдық деп ойлаймын.


Нұралы АРЫСТАН,
№15 ЖББМ директордың
тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.