Қостанай қаласындағы Достық үйінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, халық арасында насихаттау мақсатында қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдері арасында облыстық байқау өтті. Онда 7 қатысуышы бақ сынады.
«Қазақ тілі – қасиетім менің» тақырыбында өткен облыстық байқау қатысушылары – 5 аудан мен екі қаланың 16-22 жас аралығындағы жастар. Іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі және түрлі этнос өкілдері арасында мемлкеттік тілді насихаттауға бағытталған. Байқау төрт кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең – эссе жазу. Қатысушылар 15 минут ішінде балаларға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай тақырыпты ашу қажет болды. Екінші кезең – визитка. Онда қатысушылар жеке бас қасиеттерін ашуы керек еді. Мұнда балалар өздерінің өмірі, отбасы, мектебі және хоббиі туралы айтты. Үшінші кезеңде зияткерлік викторина болды, онда қатысушылар Қазақстан тарихы, тағамдары, музыкасы, мерекелері туралы білімдерін көрсетті. Нәтижесінде тапқырлық танытқан сайыскерлер әділ қазылар алқасы қойған лайықты ұпайларын жинады. Ал соңғы төртінші кезеңде әр қатысушы көрерменді шығармашылығымен таныстырды. Өлең оқып, музыкалық аспаптарда ойнап, ән айтып, би биледі.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен үшінші орынды Федоров кентінің тұрғыны Мария Черненко, екінші орынды Қостанай ауданының Алтынсарин кентінің оқушысы Дария Хабибуллина жеңіп алды. Ал бас жүлдеге Арқалық қаласының тұрғыны Любовь Васецкая ие болды. Жүлдегерлер сыйлық сертификаттарымен марапатталса, қалған қатысушылар Алғыс хаттар мен заманауи сымсыз құлаққаптарға ие болды.
Жеңімпаз Любовь Васецкая Жалпы тілді үйренуі 5 жасынан басталған. Туған жері Көктал ауылында тек қазақ мектебі болғандықтан, ата-анасының шешімімен Көктал ЖББ мектебін қазақ тілінде тәмәмдаған. Әрине, бастапқыда қиын болғанын жасырмады бізбен әңгімесінде. Дегенмен, уақыт өте ұстаздарының қолдауының арқасында, сыныптастарымен қазақ тілінде сөйлесе отырып, тілді білу деңгейін әлдеқайда арттырғанын айтады. Қазіргі уақытта Любовь Ахмет Байтұсынов атындағы гимназияда бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет істейді. Қазақ сыныбына да, орыс сыныбына да сабақ бере алатындығын айтады. Бұл – үлкен бір артықшылығы болса керек.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.