Тілге құрмет өнерменен өрілген

Выпуск - №47(644)   :   29.11.2024
668

Биыл ұрпақтар арасындағы ұлттық бірегейлікті дамытуға бағытталған «Мың бала» жобасына 10 жыл толды. Республикалық мәдени-ағартушылық жобаның мақсаты – елде тұратын өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің балаларын қазақ тілінің айналасында біріктіру.

8-2-1

Жоба шеңберінде еліміздің әр өңірінде жыл бойы түрлі аталымдар бойынша қазақ тілін үйренуге арналған байқаулар мен жарыстар өтті. Олардың ішінде мәнерлеп өлең оқу, музыкалық шығармаларды орындау сияқты тапсырмалар берілді. Ауыл, аудан, облыста үздік атанған жастар жақында елордамыз Астана қаласында бас қосып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жоба қатысушыларының қазақ тілін меңгеріп, ұлттық өнерімізді дәріптеу жолында шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, мәдениеттің дамуына қосқан үлесін де атап өту маңызды.
– Айтқандай, «Мың бала» жобасына биыл 10 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміз бойынша жоба аясында жалпы саны 25 мыңнан аса іс-шара өткізіліп, оған 3 миллионға жуық бала қатысқан. Әрине, өңіріміздің атынан қатысып, жеңімпаз атанған жастарымыз аз емес. Солардың ішінде аталмыш жобаның алғашқы жеңімпаздарының бірі – көпшілікке есімі жақсы таныс Алла Гаврина. Бүгінде ол «Qazaqstan» ұлттық арнасында жұмыс істейді, журналист, – деп атап өтті «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас маманы, «Мемлекеттік тілге жеті қадам», «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының үйлестірушісі Айбек Таңатбаев.
Биыл «Мың бала» жобасының финалында біздің облыстан Қостанай қаласындағы №3 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Дарья Николаева мен Рудный музыкалық колледжінің студенті Марк Ли өңір намысын қорғады. Жыл сайын әр номинация бойынша «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» оза шауып, жүлдемен оралып келеді. Биылғы нәтиже де көңіл қуантарлықтай. Қазақстан халқы Ассамблеясының тұрақты комиссиясының шешімімен Дарья «Өнерлі өрге жүзер» номинациясында жеңімпаз дипломын алса, Марк мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге қосқан үлесі және қазақ өнеріне деген құрметі үшін Алғыс хатқа ие болды.

IMG-0833

«Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасының қатысушысы Дарья жеті ай бойы қазақ тілін меңгеріп, тіпті сүйікті әндері – «Самғау» және «Ризамын» әндерін лайықты деңгейде орындап шығу үшін арнайы вокал сабақтарына жазылған. Айта кету керек, соңғы әнді ол «Мың бала» жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау іс-шарасында шырқап берді. Ол қазақ тілін еркін меңгеруі, ойы мен сезімін айқын әрі түсінікті жеткізе білуі, сондай-ақ қазақша әнді жанды дауыста орындап, көрермендердің жүрегіне жол табуы арқылы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

8-2-2

Марк «Мың бала» жобасына 2016 және 2021 жылдары қатысқан болатын. Биыл жобаның 10 жылдық мерейтойына орай, қонақ ретінде арнайы шақырылған. Домбыраның құлағында ойнайтын ол, мерекелік іс-шарада дәулескер күйші әрі композитор Құрманғазының күйін шертіп, халықты таңдай қақтырды. Марк Ли интернационалды отбасыда ер жетті: әкесі Артур Ли – кәріс ұлтының өкілі болса, анасы Қырмызы Хабиева – қазақ. Мінез-құлқының қалыптасуына аталарының ықпалы зор болғандығын айтады.
Ол атасы Ли Ден-Суды жылы сезіммен еске алады, ол кісі «Коре ильбо» (бұрынғы «Ленин кичи») газетінің кәріс тіліндегі нұсқасын қызыға оқитын. Ал, нағашы атасы Қуантай Хабиев Маркты домбырамен таныстырып, үш жасынан бастап тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бүгінде жас дарын домбырада шебер ойнайтын деңгейге жетті. Қазақ тілін еркін меңгергендіктен, түрлі деңгейдегі байқауларға да бірнеше мәрте қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Колледжді ойдағыдай аяқтаған соң, білімін Астана немесе Алматы қалаларында жалғастыруды жоспарлап отыр.
 

Жамал ШАУКЕН

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.