М.Қозыбаев атындағы №23 орта мектептің қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Хорлан Караулованың басқаруымен Тілдер мерекесіне орай онлайн форматта конференция өтті.
Жиын алдын ала ойластырылған арнайы бағдарлама бойынша өткізілді. Оған Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «Қазына» сыйлығының лауреаты Пиалаш Сүйінкина арнайы шақырылды.
Пиалаш Балтақызы мемлекеттік тілдің 30 жылдан асса да, өз тұғырына қона алмағандығын қынжыла айтып, оның мәртебесін көтеру жолында батыл түрде ой-пікірлерімен бөлісіп жүрген Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Әбдіжәлел Бәкір, Қазыбек Иса, Мұрат Бақтияровтарды қолдайтынын білдірді. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, оны меңгеруді еліміздің әр азаматына міндеттеу, сол арқылы оған қажеттілік туғызу маңызды екендігіне тоқталды. Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын топтастырудың маңызды факторы. Құрметті қонағымыз өз сөзінде ендігі жерде мектептерді орыстілді, қазақтілді деп бөлмей, оқу-тәрбие процесін тек мемлекеттік тілде жүргізуді қолдайтынын да жеткізді.
Тәуелсіз мемлекеттің басты тілі саналатын қазақ тілі шын мәнісінде елімізде бірінші орында тұруы үшін бәріміз, әсіресе, тіл мамандары оқыту әдістемесін жетілдіріп, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударуымыз керек... Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналатын кезеңі келетінін айтқан болатын. Шын мәнісінде бір тудың астында күн кешкен халықтың біртұтас ұлт болып қалыптасуы үшін мемлекеттік тілдің өз функциясын атқаруы – заңдылық емес пе.
Онлайн форматта өткізілген конференцияға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ат салысты. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Айнұр Мирғалиева «Туған жер», ал Ляззат Искиндирова «Алтын бесік» әнін шырқаса, 7-сынып оқушысы Анель Жағалтаева «Туған тілім – анам тілі», 9-сынып оқушысы Ксения Петри «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Бағдарлама барысында Пиалаш Балтақызына мұғалімдер тарапынан тілге байланысты бірқатар сұрақтар да қойылды.
Оның ішінде «Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тіл тағдыры өзгерді ме?», «Өзіңіз дәріс беріп жүрген оқу орнында студенттердің тілге деген көзқарасы, қызығушылығы қандай деңгейде деп ойлайсыз?», «Сіздің ойыңызша, қазіргі кезде қазақ тілінің ең көкейтесті мәселесі неде?», «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» деген пікірге сіздің көзқарасыңыз қандай?», «Тіл маманы ретінде қалай ойлайсыз: қазақ тілі мамандары латын әліпбиіне көшуге дайын ба?» деген жұртшылықты толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап ала білдік.
Мемлекеттік тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңмен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары, яғни мына біздер, мен жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат. Ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір сөзбен-ақ сыйдыра білген. Ал Қадыр Мырза Әлидің:
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!», – деп жазған өлең жолдары көпшілікке жақсы таныс. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі еліміздің әрбір азаматы мен азаматшасына тікелей байланысты екенін ұмытпасақ игі. Оның мәртебесін асыратын да, керісінше төмендететін де өзіміз. Ал мемлекеттік тіл – қазақ тіліне өз ұлтының жаны ашымаса, қолдан келер қайран жоқ.
Салтанат БЕКБАЕВА,
М.Қозыбаев атындағы
№23 ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.