Биыл халқымыздың ұлы перзенті, ағартушы, жазушы әрі қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толып отыр. Қазақ халқының рухани тарихындағы бұл мерейлі дата ел көлемінде кеңінен аталып өтуде.
Қыркүйек айының 20-сы күні Қостанай қаласының қақ төрінде Алаш арысының ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Еңселі ескерткіштің бой көтеруі – ел руханияты үшін тарихи оқиғаға айналды. Ал қыркүйектің 20-21 күндері Торғай даласында өткізілген торқалы той халықты бір серпілтіп тастағаны рас. Ағартушының туған жерінде аталып өткен бұл тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда. Өйткені, тойдың ауқымы мен мазмұны ел аузында әлі күнге дейін үлкен мақтанышпен айтылып жүр. Осынау іс-шараға бір кісідей атсалысқандардың қатарында Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп те бар. Бұл – облыс бойынша ағартушының есімін иеленген қос білім ордасының бірі.
– Мектебімізге 2022 жылы Міржақып Дулатұлының есімі берілді, ал бұған дейін №15 жалпы білім беретін мектеп болып аталып келдік. Сондықтан бұл мерейлі тойдың біз үшін орны ерекше. Ұлттың ұлы көсемінің мерейтойында «Біз шаппағанда кім шабады» демекші, торқалы тойға үлес қосып, белсенді атсалысқанымыз – үлкен мәртебе әрі зор қуаныш. Керемет әсермен оралдық, рухани байлық жинадық, білмегенімізді білдік. Облысымыздың аудан-қалаларынан жиналып, жалпы саны жетпіске жуық киіз үй тігілді. Солардың қатарында біздің Рудный қаласы да болды, – дейді М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі Нұрымжан Милақатов.
– Мектебімізде 42 сынып және 10 бірлестік бар. Солардың барлығы, ата-аналар мен ұстаздар қауымы атсалысып, Торғай даласына арнайы көрме дайындап апардық. Көрмені екі тақырыпта ұйымдастырдық. Алғашқы инновациялық бағытта Міржақып Дулатұлының бейнесін жасанды интеллект арқылы сөйлетік, ал VR-көзілдіріктің көмегімен 3D форматта мектебімізге онлайн-экскурсия жасадық. Тағы бір ерекше атап өтерлік дүние – көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Бауыржан Қожахметов пен Қалибек Өміржанұлы екі келі шегеден арнайы «Оян, қазақ!» деген сөзімен Міржақыптың бейнесін жасады. Сонымен бірге «Оянған қазақ жастары» тақырыбында талантты оқушыларымыздың авторлық өлеңдерін қойдық. Өлеңдер қағаз түрінде де, QR-код арқылы да ұсынылды. QR-кодты сканерлеген көрермен оқушыларымыздың өз дауыстарымен оқып, YouTube арнаға жүктеген өлеңдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Иә, білім ордасы талантты жастарға кенде емес. Жиырма бес жыл табан аудармастан осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келе жатқан Эльмира Каскырбаева: «Дарынды оқушыларымыз осындай нар тұлғаларды көтере беретін болса, еліміз өрлей береді деп ойлаймын», – деп атап өтті. Ұстаздың шәкірттері түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы. Солардың бірі – 11-сынып оқушысы Аружан Ахметбекова.
– Сегізінші сыныпта оқып жүрген кезімде мектебімізге М.Дулатұлының есімі берілді. Сол шақта ең алғашқы өлеңімді Міржақып атама арнадым. Осылай шығармашылығыма жол ашылды, – дейді Аружан. Жас дарынның жалынды жүрегінен:
«...Алты Алашқа аты тұрған жаңғырып,
Міржақып – бұл ұлы тұлға жаңғырық.
Түркіге ортақ шежіресі тұрғанда,
Еңбектері еш кетпейді қаңғырып.
Сондықтан пайда көрмей жұмыр басты,
Шақырды топтасуға кәрі-жасты.
«Тарих куә» деп ұран салғаны:
«Көзіңді аш! Оян, қазақ! Көтер басты!», – деген жыр жолдары төгілді. Аружанның сыныптасы Айдана Нығметова да Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арнап шығарған «Рухымызды биіктеткен Міржақып» атты авторлық өлеңінде:
«...Тарих пен болашақтан қол үзбеген,
Ұлы арманға жеткізер жол іздеген.
Міржақып салып кетті сара жолды,
Біз де жүріп келеміз сол ізбенен.
Жырдан жалын тапқан жан жылытуға,
Оларды хақымыз жоқ ұмытуға.
«Оян! Оян!», – деп қазақтардың көзін ашқан,
Дулатұлы Міржақып – ұлы тұлға!», – деп мақтан етеді. Шығырмашылыққа жаны жақын осындай дарынды жастардың тағы бірі 10-сынып оқушысы Бақнұр Өмірзақ «Теңдесі жоқ текті тұлға» өлеңінде Міржақып атасын: «Ұлы бейнең әрдайым жүрегімде», – деп жырына қосады.
Білім ордасында Алаш арысының мерейтойы арасындағы іс-шаралар, тіпті, өткен 2024-2025 оқу жылынан-ақ бастау алған. Түрлі шығармашылық байқаулар, тағылымды іс-шараларға толы арнайы айлық, ғылыми-тәжірибелік конференция да өткізілген.
– Білім ордасына М.Дулатұлының есімі берілгеннен бері жыл сайын қалалық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп келеміз. Биыл қарашаның 25-інде конференцияны облыстық деңгейде өткізбекпіз. Ал қазан айының 16-17 күндері облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің қолдауымен және мектебіміздің ұйымдастыруымен Рудный қаласында республикалық деңгейдегі «Міржақып оқуларын» өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жерде бас демеуші – QC Holding құрылыс компаниясы екенін атап өткен жөн. Оқушыларды ынталандыру мақсатында бас жүлде иегеріне iPhone 16 Pro Max, ал екі 2-орын мен үш 3-орын алған оқушыларға сыйлыққа ноутбуктар беріледі. Бұл компания әрдайым осындай шығармашылық сайыстарға қолдау көрсетіп отырады, бұл – біз үшін қуаныш, – дейді Нұрымжан Бәлдікұлы.
Өткен оқу жылынан бастап мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бастамасымен М.Дулатұлы атындағы серіктес мектептер жобасы жұмысын бастаған. Оның аясында республика көлемінде Міржақып Дулатұлының атын иеленген 8 мектеппен тығыз жұмыс жүргізілуде. Ал мектеп қабырғасында мерейтой аясында М.Дулатұлына арнайы мұражай да ашылмақ. Оның жұмысы аяқталуға жақын және ашылуы алдағы уақытта мектеп қабырғасында жоспарланған ауқымды іс-шаралар аясында жүзеге аспақ.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.