Тұлғалар тарихын түгендеген қаламгер

Выпуск - №20(716)   :   22.05.2026
564

Тобыл-Торғай өңірінің мәдениеті мен баспасөзін өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан белгілі қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисі Оразалы Отынбайұлы Жақсанның 70 жастық мерейтойына арналған «Қаламгер – руханият жаршысы» атты шығармашылық кеш өтті.

1

Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсариннің мемеориалдық музейінің төрінде ұйымдастырылған тағылымды шараға аймақтың зиялы қауым өкілдері, ардагер журналистер, қаламгердің үзеңгілес әріптестері мен қалың оқырмандар қауымы жиналды. Мерейтой иесінің бүкіл саналы ғұмыры мен жасампаз шығармашылығы отандық баспасөз бен ұлттық руханияттың даму шежіресімен тығыз өрілген.
Бүгінде жетпістің белесіне шыққан қаламгер өзінің қырық төрт жылдан астам уақытын Қостанай өңірінің баспасөз саласына арнап, көптеген белді басылымдардың қара шаңырағында абыройлы қызмет атқарды. Атап айтар болсақ, қалалық газетте редактор тізгінін ұстап, республикалық «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Алтын Орда» сынды іргелі басылымдардың аймақтағы меншікті тілшісі ретінде өткір де мазмұнды мақалаларымен танылды, сондай-ақ көрнекті жазушы Дулат Исабеков негізін қалаған мәдени журналдың өңірдегі сенімді өкілі болды.

2

Өнегелі кеш барысында Оразалы Отынбайұлы өзінің үлкен журналистикаға алғашқы қадамы мектеп қабырғасынан басталғанын, бала күннен шыңдалған сол қызығушылық оны қара шаңырақ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жетелегенін тебіреніспен еске алды. Бүгінде қаламынан туған отызға жуық құнды кітаптың авторы атанған жазушының еңбектері негізінен Қостанай аймағының мәдениеті, білімі, ғылымы мен өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың ғибратты өмірін насихаттауға арналған.
Жиында мерейтой иесі өзінен кейінгі толқын жастарға ақыл-кеңесін айтып, журналистиканың жауапты сала екенін ерекше қадап өтті. «Қалам ұстаған жанға көп ізденіс, тоқтаусыз оқу керек. Әсіресе көркем әдебиеттің кәусарынан қанып ішкен адамның ғана тілі бай, ойы ұшқыр болады. Журналист әрдайым халыққа жақын болып, елдің мұң-мұқтажын жоғары қоя білуі қажет», – дей келе, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзін мысалға келтіріп өтті.

3

Тағылымды кештің мән-маңызы туралы Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің қызметкері Шынар Досмағанбетова пікірін білдіріп, Оразалы Отынбайұлының аймақ шежіресін түгендеудегі еңбегін айрықша атап өтті. Айтуынша, қаламгердің зерттеу еңбектері мен кітаптарының басым бөлігі елге еңбегі сіңген тұлғалардың өмір жолын кейінгі ұрпаққа өнеге етуді көздейді және бұл дүниелер қазіргі ғылым мен өнер адамдары үшін таптырмас рухани мұра.

4

Салтанатты басқосу барысында қаламгердің шығармашылық жолы баяндалып, замандастары мен ізбасарлары жүрекжарды естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ иығына шапан жауып, еңбегіне лайықты құрмет көрсетті. Руханиятқа қызмет етуді өмірлік мұрат еткен Оразалы Жақсанның бұл кеші жиналған көпшіліктің жүрегіне жылылық ұялата білді.

Гүлнәз ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
4-курс студенттері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.