Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

Халықаралық байқау жеңімпаздары

Выпуск - №19(567)   :   19.05.2023
565

«Қазақ академия» өнер орталығының қолдауымен Астанада алғаш рет «Жас талант» халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Оған біздің Қостанай қаласындағы музыка мектебінің қазақ халық аспаптары ансамблі қатысып, Бас жүлдеге ие болды.

Байқауда жалпы білім беретін мектептер, өнер мектептері, өнер орталықтары және колледж білім алушылары шығармашылықтың түрлі бағыттары бойынша бақ сынады. Атап өтер болсақ: аспапта орындау, эстардалық вокал, дәстүрлі ән, театр әлемі, көркем сөз, хореография, бейнелеу өнері және қол өнері. Музыка мектебінің шәкірттері аспапта орындау номинациясы бойынша халықаралық байқауда бар өнерлерін паш етіп, 23 ансамбльдің арасынан топ жарып шықты.

Бүгінде талапты жас өнерпаздардың басын қосқан қазақ халық аспаптары ансамбліне музыка мектебінің жиырмаға жуық шәкірті мүше. Тарихы сонау 2003 жылдан бастау алатын ансамбльдің жетекшісі Гүлхауан Амирова бізбен әңгімесінде ұлттық өнерді дәріптеу бағытында ансамбль құру идеясы қалай пайда болғанын баяндап берді.

– Музыка мектебінде екі мыңыншы жылдардың басына дейін қазақтың ұлттық аспаптарын оқытатын сынып жоқтың қасы болатын. Кәсіби музыканттар қалаға келіп, қызмет ете бастаған кезде, әуелі домбыра сыныбы ашылған. Артынша ұлттық аспапқа қабілеті бар қазақ балалары қабылданып, жақсы нәтиже көрсете бастағанда сол кездегі мектеп директоры Андрей Васильевич маған ансамбль құру жайлы ұсынысын тастады. Ол менің осы мектепке қызметке келуіммен, яғни 2003 жылдан басталды. Осылайша сол ұсыныс бойынша әр мұғалімнен ақылдаса отырып, әр сыныптан, яғни ұлттық аспаптар домбыра мен қобыздан басқа сырнай, үрмелі аспаптарда ойнайтын балаларды жинап, 7-8 баланың басын қосып, ансамбль құрған едік, – дейді Гүлхауан Сейлхановна.

Сөйтіп қазақ халық аспаптар ансамблі 2006 жылы алғаш рет «Жас музыкант» деген музыка мектептері мен өнер мектептері арасында өтетін кәсіби жас жеткіншектердің облыстық байқауына қатысып бастады. Содан бері аталмыш байқау өткізілген әрбір 3 жыл сайын бақ сынап, облыс бойынша үнемі алдыңғы қатарда өнер көрсетіп, жүлделі орындарды еншілеп келеді. Ансамбль жетекшісінің айтуынша, жыл өткен сайын ұлттық аспаптарға қызығушылық танытушы жастардың қатары артып, ансамбльдің құрамы да жаңа аспаптарда ойнайтын жалынды жастармен толыға бастады.

– Қазақ халық аспаптары ансамблі болғандықтан, құрамында домбыра, қобыз – негізгі аспап саналады. Ал қосымша аспаптар ретінде музыкалық дыбыстарды әрлендіру, түрлендіру үшін, сондай-ақ тек қазақтың ғана емес, басқа да ұлттардың музыкаларын ойнауға мүмкіндігіміз болуы үшін үрмелі аспаптар: флейта мен габойды қостық. Одан бөлек диапазон жағынан орындалатын шығармалардың бояуын келтіруге мол мүмкіндік беретін сырнай аспабы да қатарда. Оның сыртында ұрмалы аспаптар да қосылды. Қазақтың асатаяқ, таутұяқ, шылдырмақ, қоңырау деген аспаптарында да екінің бірі ойнай бермейтіні рас. Сабақтан тыс уақытта балаларды талпындырып, олардың мүмкіндіктеріне шексіздік сыйлау үшін балаларды шертер, шіңкілдек, жетіген, қылқобыз аспаптарына да баулимыз. Соның нәтижесінде ансамбльдің құрамы байыды, – дейді жетекшісі.

Жас жеткіншектердің қабілеттерін дамыту және халық музыкасын дәріптеуді көздеген «Жас талант» байқауындағы Бас жүлде – ұлттық өнерді ұмыт қалдырмаған жастардың үлкен жеңісі. Аталған байқауда жеке орындаушылықта да әртүрлі жас ерекшелігіндегі 120-ға жуық қатысушы бақ санаған. Соның ішінде ансамбль құрамындағы екі шәкірт – Айым Молдағалиева қобыз сыныбы бойынша байқаудың жүлделі екінші орынын иеленсе, Дархан Ханапин домбыра сыныбы бойынша кіші топта қатысып, байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Дарынды жастардың алар асулары көп болсын дейміз.


Жамал ШАУКЕН

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.