Мичурин жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай оқушыларға көпұлтты еліміздің бай мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын көрсетуге мүмкіндік берген «Халықтар достығы» фестивалі өтті.
Аталмыш фестиваль мектебіміздің жылдағы дәстүріне айналған. Сондықтан оны оқушылардың барлығы асыға күтеді. Бұл кездейсоқ емес, көңілді атмосферада өтетіндіктен достықты дәріптеген бұл шараның жастар арасында маңызы жоғары. Мемекелік кеш аясында мектеп сахнасында тарих, мәдениет, ғылым, шығармашылық, этнография біріктірілді: оқушыларымыз әр түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, бірнеше тілде әуелете ән шырқап, ұлттар достығының белгісіндей бірлесе өнер көрсетті.
Мектеп сахнасындағы әуезді әндер, хореографиялық миниатюралар мен ұлттық билер ешкімді бей-жай қалдыра алмады. Балалар өз сөздерінде көрермендерге басты ойды жеткізуге тырысты – елімізде бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ұлттардың әдет-ғұрыптары мен ерекшеліктерін білу және құрметтеу. Әдемілігі көздің жауын алатын костюмдер, тамаша қойылымдар, балалардың орындаушылық шеберлігі – осының барлығы фестивальді нағыз мерекеге айналдырды. Көрермендеріміз де таң-тамаша болып, мерекелік кештен әсерленіп шықты. Ең бастысы, балалардың қуаныш пен шаттыққа толы жүзін көрдік.
Қазақстан Республикасы – бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері береке мен бірлікте өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге қаратып айтылғандай.
Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
басшының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Гульмира САДУАКАСОВА,
музыка пәнінің мұғалімі,
Мичурин ЖББ мектебі,
Қостанай ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.