Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
17/08/26 Понедельник

Халықты әнімен жадыратқан

Выпуск - №48(495)   :   12.12.2021
578

Халықаралық аренада Қазақстан Республикасы егемендігін жариялаған жылы халықты әсем әндерімен жадырату ниетімен «Жадыра» ансамблі де құрылған еді. Биыл ансамбль ел тәуелсіздігімен қатар 30 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Қазақ әндерін сақтау, дамыту, оның мәдени байлығын көрсетуді мақсат еткен ансамбль еліміздегі түрлі этнос өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас құрып, өзара сенімділікті нығайтуда. Бұл мақсат ансамбльдің репертуарында қамтылған әндерде көрініс тапқан.


Жұртшылықтың жүрегінен орын тапқан, әсем әндерімен қуантып, сахана төрінде жарқырап жүрген Рудный қаласының «Жадыра» халықтық ансамблінің өнерпаздары мерейтойға орай Қостанай қалалық Достық үйінде «Әнім саған – туған ел» атты концертін берді. Мерейлі шара облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» Қоғамдық бірлестігінің және ел ағаларының қолдауымен өнер сүйер қауымға жол тартып отыр.

– Тәуелсіздіктің құрдасы «Жадыра» ансамблінің мерейтойына орай мерекелік концерт ұйымдастырдық. Халықтың жүрегінен орын тапқан өнерпаздардың осы уақыт ішінде сіңірген еңбегі зор. Облысымыздың өңірлерін аралап, жанды дауыста шырқалатын қазақ әндеріне сусындаған жандарға арнайы концертін өткізіп жүргенін өнер сүйер қауым жақсы біледі. Қуанышымызбен бөлісіп жатқан жандарға алғыс білдіре отырып, «Жадыра» ансамблінің мүшелеріне шығармашылық табыс тілеймін, – деп атап өтті мерекелік концерттің ұйымдастырушысы және ансамбль мүшесі Жақсылық Кәкенұлы.


Деректерге көз жүгіртсек, 90-жылдары Рудный қаласында бірнеше ұлттық ансамбльдер пайда болды. Солардың ішінде ерекшеленіп шыққаны «Әжелер» ансамблі, кейін «Жадыра» деп аталды. Тәуелсіздігінің құрдасы болған ансамбльге 2016 жылы қазанның 10-ы күні ҚР-ның Мәдениет және спорт министірлігі «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблі атағын берді. Ансамбль құрылған жылы жетекшісі – әнші, композитор Қайрат Нұрғазин болды. Кейін ансамбльге Ақжанай Қалиева және Даулеткерей Қиқымов жетекшілік етіп, өз үлестерін қосты. Қазіргі таңда ансамбльге бүкілодақтық және республикалық сайыстардың жеңімпазы, «Мәдениет саласының үздігі», талантты музыкант әрі композитор Владимир Лущ 17 жылдан астам уақыт жетекшілік етіп келеді. 2004 жылдан бергі ансамбльдің мүшесі Шамшия Қайыркенованың айтуынша, содан бері халықты әсем әнімен жадыратып келеді.

– Ансамбль халыққа жайдары көңіл-күй сыйлап, жадырап жүруі мақсатында «Жадыра» деп аталған еді. Біздің шығармашылық топқа әнді жанымен сүйетін жандар бас қосқан. Қазақ әндерін орындап, ұлттық құндылықтарымызды дамыта отырып, өзіміз де содан ләззат аламыз, – дейді Шамшия Ғазизқызы.


«Жадыра» ансамблі колледждер мен мектептер, интернаттар мен кітапханаларда өтетін шығармашылық кештердің қалаулы қонағы. Қостанай, Лисаков қалалары, Меңдіқара, Бейімбет Майлин аудандары мен Қашар, Горняцкий, Перцевка, Юбилейный ауылдарында және де «Орбита» демалыс орталығында, «Алые паруса» шығармашылық үйінде өз өнерлерін көрсетіп тұрады. Бүгінде ансамбльге 55-82 аралығындағы 19 кісі мүше. Сыңғыр дауысты апаларымыздың қатарына соңғы жылдары ер адамдар қосылыпты. Отыз жыл бойы көрермендердің көзайымына айналып, халықты әнімен жадыратып жүрген «Жадыра» ансамблінің ғұмыры ұзақ болсын дейміз.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!

Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.

Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.